Мәтінді оқып , « Позиция таңдау әдісімен көзқарастарыңды дәлелдендер . Негізгі түйіндеріңді тезис түрінде жазыңдар . Әрбір өркениеттің , діннің және халықтың орындайтын өзіндік міндеттері бар . Қазақстанның түркі мемлекеттері , Еуразиялық экономикалық одақ , Еуропалық одақ аясындағы іргелес елдермен достық қарым - қатынас қалып тастыруы - ел тыныштығының кепілі . Ұлттық тұтастық , ұлттық өркендеу халықтар арасындағы келісімге негіз деледі . Осындай өзекті мәселелер алдында Қазақстанның беті ашық , жүзі жар қын деуге әбден болады . Қазақ елінің тағдыры тауқыметке толы болғанмен , ешқашан өзгені өзегінен теппеген . Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап , этносаралық татулық пен келі сімді сақтауға , дамытуға , олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш - жігерін салды .
Қазақ халқы қай заманда да елдікке , ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған . Сондықтан да болар , ел аузында : « Бірлік бар жерде тір лік бар » , « Бірліксіз ел тозады , бірлікті ел озады » деген нақыл сөздер қалды . Бұл - бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның басты қағидасына айналды . Татулық пен келісім астам этнос өкілінен тұратын 17 миллионнан аса халқы бар беделді мемлекетке тәуелсіздіктің негізі . Бүгінде Қазақстан 130 - дан аналды Қазақстандағы этностар қазақ халқымен тарихи сын сағаттарда өзара келісім орната білді . Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда қоғам дагы топтастырушы және біріктіруші күшке айналып отыр
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O