Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі ойды мақал-мәтелдермен, тұрақты тіркестермен, эмоционалды сөздермен 2-3 сөйлемге сыйғызып жазыңыз. Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқылған.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
Менің отбасым туралы диалог.
- Алмагүл, осы сенің отбасың үлкен бе?
- Ия, Сәуле. Менің отбасым үлкен. Біздің үйде жеті адам тұрамыз: атам мен әжем, ата - анам, ағам, қарындасым және мен.
- Қандай тамаша!
- Ия, менің ойымша, үйде әсіресе үлкен адамның болғаны жақсы. Қазақ халқында бұл жайында керемет сөздер бар ғой: «Үлкені бар үйдің қазынасы бар деген».
- Дұрыс айтасың, мен де бұл оймен толықтай келісемін.
- Атам мен әжем бізге үнемі өсиеттері мен ақылдарын айтып, бізді дұрыс жолға салып, мейірімді, бауырмал болуға тәрбиелеп отырады.
- Не деген керемет көрініс! Мұндай үлкен отбасында өзіндік ережелері мен салт - дәстүрлері де бар шығар?
- Ия, әрине, бар. Мысалға, ережелерге келер болсақ, біз әрдайым бір - бірімізге кез келген шаруада көмектесеміз, үлкендердің айтқанын екі етпей орындаймыз. Ал отбасылық дәстүрлеріміз өте көп. Соның ішінде маған ең ұнайтыны - ол демалыс күнгі отбасылық ас: анам міндетті түрде ұдттық тағам бесбармақ пісіреді, ал әжем болса, дәмді бауырсақтарын әзірлейді. Ал біз бауырларымызбен қосылып үй жинастырып, келер аптаның сабағын оқимыз. Осы демалыста сен біздің үйге қонаққа кел, мен сені өз отбасыммен таныстырайын.
Шақыруыңа көп рахмет, міндетті түрде келемін.