Шартты:Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл сал. Алты малта ас болмай, Тебінгі терге шірімей, Ерлердің ісі бітер ме? Себеп:Осы кісінің жәрдемі болғандықтан, біз баратын жерімізге тез бардық. Қарсылықты:Барып сырттан құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді. Мезгіл:Аттылар жал-жалт қарасқанда, жақын жерде дөңгелене отырған көп адамның жиыны көрінді.Жігіт ұшып тұрып, келген кісіге есік ашты. Мақсат: Арыстан өзінің сөзінен шығу үшін, үш күнде бір кітап оқып шығады. Ысқақ жылқы суаруға құдық басына барды
Себеп:Осы кісінің жәрдемі болғандықтан, біз баратын жерімізге тез бардық.
Қарсылықты:Барып сырттан құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді.
Мезгіл:Аттылар жал-жалт қарасқанда, жақын жерде дөңгелене отырған көп адамның жиыны көрінді.Жігіт ұшып тұрып, келген кісіге есік ашты.
Мақсат: Арыстан өзінің сөзінен шығу үшін, үш күнде бір кітап оқып шығады. Ысқақ жылқы суаруға құдық басына барды
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O