Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орында. Біржан мен Сара айтысы - айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Capa Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсiзiс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемiтер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алға шында рулық бағыталса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдiк туралы пікірлері, эстетикалық талғам талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Саранын 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ. Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан Сара>> операсын жазды.
Берілген сөздердің синонимдерін мәтіннен тауып жазыңыз.
5.Ең бiрiншi -
Ең тұңғыш
Ең алғаш
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Көршінің ауласына кіре бергенім сол еді, ит арс - арс ете қалды.
Түнімен жаңбыр тырс – тырс етіп, терезені ұрып шықты.
Сөйлей бергенім сол еді, Әсет мырс - мырс етіп күлді.
Сабаққа үш – төрт оқушы ауырып келіп, сабақ бойы күрс – күрс жөтелумен болды.
Алыстан найзағай жарқ - жарқ етіп, күн күркірей түсті.
Мәди суда күмп - күмп етті де, көрінбей кетті.
Кенеттен болған дыбыстан селк - селк ете қалдым.
Турап жатқан қиярым жерге салп - салп етіп түсіп кетті.
Қоңыр салқын желден өсімдіктер желп - желп етіп тұр.
Алтын адам (5 ғ.) — Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солт-тен оңт-ке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңт. шетінде биікт. 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды. Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биікт. 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңт. және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археол. мәліметтерге қарап, бұл адамның б.з.б. 5-4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, А. а-ның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология т. б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемл. өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам — Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді.