Мәтінді пaйдaлaнып, сөйлемдерді aяқтaңыз.
1. Еліміз егемендік aлғaннaн бaстaп2. Хaлықaрaлық деңгейге көтерілу үшін ... . 3. Мемлекетішілік туризмді дaмыту үшін ... . 4. Туристік іс-әрекеттер кезінде туристік
бaзaлaр мен кешендердің сыртқы келбеті, ... . 5. Демaлaтын жерлерде соқпaқтaрдың
болуы, жорықтaр кезінде тек құрғaқ aғaштaрды отын ретінде пaйдaлaну, 6. Туризм aдaмдaрғa қызмет көрсетумен ... . 7. Қоғaмдық және мемлекеттік дәрежеде
өткізетін экологиялық міндеттің ... .
Алматы метрополитені — Алматы қаласында салынып жатқан метрополитен жүйесі. Алғашқы бөлігі 2011 ж. 1 желтоқсанда ашылды. Заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін Алматы метрополитенін салу барысында «Herrenknecht AG» неміс компаниясының «Herrenknecht S-320» жоғары өндірісті тоннел қазушы кешені сатып алынған. Алматы метрополитені еліміз үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. Жоба бойынша, метроның алғашқы кезегі Фурманов пен Райымбек даңғылының қиылысы мен Абай және Гагарин көшелерінің қиылысын жалғайды. Бұл жұмыстар ресейлік «Лайтон» ААҚ қоғамының еншісінде. Туннельдерде рельс салу, бейне-теле бақылау жұмыстары да ресейліктердің еншісінде Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 16-шы немесе 17-ші метрополитен болды. Алғашқы кезеңде вагондарды жөндеу мен техникалық тұрғыдан қызмет көрсету жұмыстары депода жүргізіледі. «2012 жылы Алматы метросындағы жолаушылар ағымы тәулігіне орташа есеппен 30-40 мың адам болады, кейінірек 2015-2020 жылдары бұл көрсеткіш 300 000 адамға дейін жетеді» деген болжам бар. Бұл мәліметтерді «Алматыметроқұрылыс» АҚ директоры Мұрат Үкшебаев мырза да растады. Алматы метрополитені 2011 жылдың желтоқсан айында, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді .[1] Алматы метросының жолаушылар тасымалдау мүмкіндігіне сараптама жасаған зерттеу институты тәулігіне 300 мың жолаушы тасымалдай алады деп болжаған еді.
или 2 сочинение
Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму кезеңінің бас жоспары Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.
Алматы қаласын дамытудың бас жоспарының басты мақсаты – экологиялық жағынан қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік тұрғыдан ыңғайлы тіршілік ортасын құруға бағытталған кешенді қала құрылысы шараларын жүргізу.
Бас жоспардың негізгі архитектуралық-қала құрылысы идеясы: Алматы қаласының «қала-бақ» бейнесін сақтау және қалыптастыру.
Жоспарға сай Алматы қаласы халқының 2020 жылғы кезеңге дейінгі болжамды саны Алматыдағы, Алматы облысындағы және жалпы Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістің тұрақтылығымен және инерциясымен анықталады. Бұның ішінде барынша тұрақтысы Алматы халқының жиынтық санының болжамы болып табылады. Бұған Алматы қаласының өзінің тұрақты тұрғындары және уақытша мекендейтін халқы жатады. Алматының жиынтық халқының болашақ саны барынша ықтимал болжам нұсқасы бойынша 1500 мың адамды құрайды, оның ішінде тұрақты тұратын халық саны – 1300 мың адам, уақытша – 200 мың адам.
Тұрғылықты ортаны жан-жақты қалыптастырудың негізгі бағыттары орташа алғанда 1 адамды 22 шарша м. тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейін жеткізуді көздейді. Сөйтіп қаланың бүкіл тұрғын үй қорын 27,5 млн. м2-қа дейін ұлғайту көзделуде. Құрылыс 1,1 мың га (жалпы алаңы 2,42 млн. м2) бос тұрған аумаққа да, сол сияқты тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүру және құрылыс алаңдарын барынша тиімді пайдалану есебінен реконструкцияланатын 1,8 мың га (жалпы алаңы 5,27 млн. м2) алаңға да жүргізілетін болады. Жеке тұрғын үй құрылысының үлесі бүкіл кезеңде тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 37%-ін құрайды.
Бас жоспар қаланың көлік құрылымын қолданыстағы жолдарға жаңа кең магистралдар, айналма автомобиль жолдарын, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету желілерін, автокөпірлер, жол өткелдерін, эстакадалар және т. б. қосу арқылы дамытуды және жетілдіруді көздейді.
Көше-жол желілерін дамыту негізіне біртұтас қалалық жүрдек жолдар жүйесін және қалалық маңызы бар магистралдар құру алынған. Бұлар кейіннен қозғалысы үздіксіз және реттелетін магистралдарға дифференциацияланады.
Қала орталығынан көліктердің транзиттік ағынын сейілту үшін бас жоспарда қаланың негізгі жерлері мен оның орталық бөлігін орап үздіксіз қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін шеңбер жолдар жүйесі көзделген.
Ақсу-Жабағылы - Қазақстандағы ең ежелгі қорық, сонымен қатар Батыс Тянь-Шань сілемінде теңіз деңгейінен 1000-нан 4280 метр биіктікте орналасқан ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты мәртебесін алған Орталық Азиядағы алғашқы қорық. Мұнда биіктіктің негізгі белдеулері: шөлейттер аралас шөпті далаға жол ашады, таулы шалғындардың сәнді учаскелері сойылып жатқан аршалардың тығыз баурайларына жол ашады. Көп түсті альпі гүлдерінің түрлі-түсті әшекейі қатал шыңдардың етегіне көзді қар басқан және мұздықтардың көкшіл тілдерімен безендіреді. Ақсу-Джабағылы - сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген және жануарлар мен өсімдіктердің эндемикалық түрлерінің ең бай қазынасы.
Объяснение: