Мәтінді сын тұрғысынан оқып өз пікіріңізді 130-150 сөзбен жазыңыз. Әлемге әйгілі Уолт Дисней "Ормандағы ғажайып" атты шығармасын жарыққа шығармас бұрын қаржыгерлерден 302 рет жоқ болмайды деген жауап алған. Барлық банктер оны есі ауысқан деп ойлаған. Соған қарамастан ол алған бетінен қайтпай қиялын жүзеге асыра білді! Қиындықтарға қарамастан өз мақсатына жете білді! Өйткені, ол "кедергілер- жетістікке жетудің баспалдағы" екенін түсінген еді.
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O