Мәтінді түсініп оқып, қосымша ақпараттарды қолдана отырып кластер жасаңыз. Қ.И.Сәтбаев негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясын, минералдық қорларын жасауға арнады. Ол 640- тан астам ғылыми еңбектерінің авторы. Қаныш Имантайұлы- рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасуы, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы.Сәтбаев еңбектері ғылымдағы зор жаңалықтар енгізді, Қазақстан геологиясы өз заманындағы биік сатыға көтерді. Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлы 1942 жылы Жезқазған жеріндегі кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.1943 жылы Қ.И. Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды.
Арал аумағындағы Барсакелмес пен «Возрождение» аралдарында бактериологиялық қару түрлерін сынайтын полигон болғанын әркім біле бермейді. Осы ең құпиялы әскери нысан РФ Президенті Борис Ельцин жаптырып тастағанша, шамамен 45 жыл жұмыс істегенді. «Возрождение» аралында сынақ жасау үшін Киров, Степногор секілді зауыттарда арнайы биологиялық оқ-дәрілер әзірленген. Бұл аралға ереже бойынша қырық шақырым жақындауға рұқсат етілмеген. Сол сияқты, мұнда әскери биологтар мен арнайы қызметкерлер тұратын қалашықтар болған екен. Олардың ең ірісі мыңнан аса адам тұрған «Арал-7» нысаны.
«Жартылай теңіз – жартылай өзен»
Арал теңізінің су құрамында сульфат пен карбонаттар көп кездеседі (теңіз тұзының құрамында да сульфат анионы (0,82%) мен кальций катионы (0,03%) көптеу). Карбонаттар теңізге құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің ағысы арқылы келеді. Бұдан шығатын түйін: Арал теңізінің суы – кәдімгі теңіз суымен де, өзен сумен де байланысы бар, «жартылай теңіздікі, жартылай өзендікі» болып есептеледі.
Барлық құқықтар қорғалған.
Менің сүйікті әншім
Әр адамның өз талғамына сай сүйсініп тыңдайтын әншісі болады. Әр әншінің өлең айтуда өз мәнері болады, бір әннің өзін әр түрлі әншілер әр қилы айтады.
Менің сүйікті әншім - Димаш Құдайберген. Өз таланты мен еңбегінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, барша әлемге танымал. Дарынды отбасынан шығып, музыкалық білім алып, талантын одан әрі қарай шыңдай білген. Ең алдымен Қытай елінде өткен әншілер сайысына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болып, бар әлемді өз талантымен сүсіндірді. Бұл әншіні бар қазақ елі мақтан тұтады. Жақында ғана Лондонда лық толы зал жинап, жеке концертін берді.
Мен де ер жеткенде Димаш ағама ұқсап, танымал әнші болуды армандаймын