Мәтінді тыңда. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Шоқан қай жылы туған?
2. Ол қай жерде дүниеге келген?
3. Оның балалық шағы қайда өткен?
4. Бала Шоқанды кім тәрбиелеген?
5. Шоқан қалай хат таныған?
6. Кадет корпусында қай жылдары оқыған?
7. Кадет корпусын қай жылы бітірген?
8. Ол кімнің адьютанты болған?
9. Шоқан қай өңірлерді аралаған?
10. Ол қандай танымдық ақпарат жинаған?
1. 1835 жылдың қараша айында
2. Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасынд а дүниеге келген.
3. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен.
4. Әжесі Айғаным тәрбиелеген.
5. Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған.
6. 1847 жылдары 12 жасында түскен.
7. 1853 жылдары бітірген.
8. Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болған.
9. Семей, Аягөз, Қапал, Ыстықкөл экспедициясы, Құлжа қаласы, Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу, Қашғария, Ұлытау-Жезқазған
10. Қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинаған, Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдерді, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайын зерттеген.