Мәтінді тыңда. Мәтіндегі қосымша ақпаратты анықта. 4) олимпиада ойындары, олимпиада оты, олимпиада ұраны, отты өшіру, жағу Прометей, көк түс, Пьер де Кубертен Қасиетті Крос тауы, 11 әйел адам, Гера шіркеуі
Бақытты болу әр адамның өз қолында. Егер жетістіктерімізді қанағат тұтып, әр ісімізді ізгілік жолымен атқаратын болсақ, өзімізді бақытты сезінетін боламыз. "Қанағат қарын тойғызады" дейді халық философиясы. Ендеше қанағат болған жерде бақытта болады. Бақыт- бір адамға тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да сонда! Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз.
Жаңа жыл - менің ең сүйікті мейрамым. Жаңа жыл мерекесін неге соншалықты жақсы көремін? Өйткені, барлығы қуанышты, бір-біріне сыйлықтар ұсынады. Бұл күнге арнап барлығы үйлеріне шырша алып, бірге оны безендіреді. Көше бойы жарқырап, мерекенің келуін сезе бастайсың. Кешке қарай аспан түрлі түсті салюттерге толады. Жаңа жыл түні менің отбасым Президенттің құттықтауын есту үшін, телевизордың алдында жиналады. Президент құттықтау сөзін айтып жатқанда, мен өзімнің алдыма көптеген мақсаттар қоямын, ішімнен тілегімді тілеймін. Жаңа жылдың ең кереметі - ол менің отбасымның бірге жиналуы. Өтйкені менің отбасым мен үшін ең қымбатты.