Мәтінді тыңда, оқы. ХХ ғасырда пайда болған «Жасыл экономика» табиғи қорды тиім-
ді пайдалануға, оны сақтауға бағытталған. Қуат көзін не энергияны
үнемдеу үшін экологиялық қауіпсіз, арзан технологияларды қолдану
керек. Соның есебінен болашақта көптеген нәтижеге қол жеткізуге бо-
лады. «Жасыл экономиканың» халықты жұмыспен қамтуда да пайдасы
көп. Баламалы энергетиканы табу керек.
ЖАЗЫЛЫМ
6-тапсырма. Мәтіндегі термин сөздерді теріп жаз. Сөздікті пайдаланып,
олардың мағынасын анықта.
да 40 болов
Арғы ата-бабаларымыз аспан денелерін
зерттеп, аса құнды еңбектер жазған.
Орта Азияның ұлы астрономдары қатары-
на Әбу Насыр әл-Фарабиді, Әбу Райхан әл-Би-
руниді, Омар Һайамды, Мұхаммед Тарағай
Ұлықбекті жатқызамыз. Әл-Фарабидің мол
рухани қазынасының ішінде астрономияға
қатысты еңбектері де көп. Ал әл-Бируни Орта
Азияда жыл санаудың екі жүйесі болғанын анықтаған. Уақытты есептеу әдіс-
тері, жыл мен ай, апта мен күн есептері туралы айтқан. Омар Һайам күнтізбені
дәл жасаған. Күнтізбедегі жыл басы 22 наурызға сәйкес келеді. Ұлықбектің
үлкен ерлігі – Самарқанда үлкен астрономиялық обсерватория салдырып,
жұлдыздардың жаңа тізбесін жасауы.
( «Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)
Объяснение:
Ғарыш (араб.: خَارِج) — ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі.Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады .Ғарыш жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар,т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс Ғарыш болып ажыратылады.
Ғаламшар — өздігінен жарық шығармайтын, жұлдызды айнала қозғалатын, орталық жарық көзімен салыстырғандағы массасы шағын аспан денесі. Күн жүйесінде 9 үлкен планета, 43 планета серіктері, бірнеше ондаған мың кіші планеталар (астероидтар) белгілі. Үлкен планеталардың пішіні сфера тәрізді, соған жақынырақ болады. Күн жүйесіндегі Планеталар Күн жарығын шағылдырғандықтан көрінеді. Кейбір жақын жұлдыздың айналасындағы Планета осы жүйенің масса центрінің түзу сызықты қозғалыс траектория маңайында тербелуін бақылау арқылы анықталады. Қазіргі космогон. теория бойынша планеталық жүйелер Галактикада кеңінен тараған құбылыс болып табылады.
Ғарыштық дәуір 1957 жылдың 4-қазанында, бұрынғы КСРО-да дүние жүзінде алғаш рет Жердің жасанды серігінің ұшырылуымен байланысты басталды.
Екінші маңызды ғарыш дәуірі – 1961 ж. 12-сәуірде а ң (Юрий Гагарин) тұңғыш рет ғарышқа ұшуы;
А.
Жердің бірінші жасанды серігінің макеті
А.
Юрий Гагарин.
ал космонавтиканың үшінші тарихи оқиғасы — 1969 ж. шілде айының 16 – 24-і күндері аралығында адамның Айға сапары (Нил Армстронг, Эдвин Олдрин, Майкл Коллинз) болды. Қазір ракета тасығыштар мен ғарыштық аппараттар бірсыпыра елдерде (КСРО-да 1957 жылдан, АҚШ-та 1958 жылдан, Францияда 1965 жылдан, Жапония мен Қытайда 1970 жылдан, Ұлыбританияда 1971 жылдан, Үндістанда 1980 жылдан) жасалып, пайдаланылып келеді.
1957 жылдың 4-қазаны мен 2000 жылдың 9-ақпаны аралығында Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш алаңынан 1147 ракета тасығыштар, 1186 ғарыштық аппараттар ұшырылды. Қазіргі ғарышқа ұшу теориясы аспан механикасы мен ұшу аппараттарын басқару теориясына негізделген. Кейін ғарышқа ұшу динамикасын зерттейтін астродинамика деп аталатын классикалық аспан механикасының жаңа тарауы пайда болды. Космонавтика ұйтқушы күштің әсерін ескере отырып, ғарыштық ұшу аппараттарының тиімді траекториясын есептеуді талап етті.