Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында. Бұл - Райымбек батырдың кесенесі. Кесене Алматы қаласындағы Райымбек батыр көшесінде орналасқан. Кесененің төбесі биік, мұнарасы әдемі. Сырты аппақ.
Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
1)Райымбек батыр кесенесі қандай?
2)Райымбек батыр кесенесі қайда орналасқан?
Оқылым. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында
Әлібек бос уақытында күреспен шұғылданады. Ол дүйсенбі, сәрсенбі күндері жаттығуға барады. Жаттығу бесте басталады.
Әнел бос уақытында бимен шуғылданады. Ол лента қолданады. Әнел бейсенбі, жұма күндері биге барады. Жаттығу сағат төртте басталады. Әлібек пен Әнел бос уақыттарын дұрыс пайдаланады.
1. Кейіпкерлер мен олардың іс-әрекетін сәйкестендір
Әлібек дүйсенбі,сәрсенбі күндері сағат төртте басталады
Әнел бос уақытын жаттығуға барады
Жаттығу дұрыс пайдаланады
2 . Мәтін бойынша бір сұрақ құрастыр. Сұраққа жауап жаз.
Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет.