«Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған. Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр ОССО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.Лорд Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы фторполимермен қапталған ұсақ торлы алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер ETFE – жарықты молынан өткізіп, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалы болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 тонна, шатырдың биіктігі – 150 метр.“Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған. Ғимараттың сәулетшісі, сәулет өнерінің шебері - Норман
Көктем шықты. Күн жылынып, гүлдер өсе бастады. Жас талдар бүршік жара бастады. Ертелі - кеші тыным таппай Бақыт еңбек етті. Сол кезде Бақыт көше бойына аула ішіне талдар отырғызды. Шыбықтар бүршік жара бастады. Жас шыбықтар бүршік жарған соң, әдемі болып өсетінін Бақыт білді. Бақыттың еңбекқор бала екенін көрініп тұр. Темір осы көшемен өтіп жататын. Темір Бақытқа іштей күліп жүретін. Темір басқа балаларға айтып, оларды да күлдіретін. Ол ойланды: ( Шыбық тамырсыз өсе ме екен ) - деді. Бір күні әкесі екеуі таза ауамен жүргенде, әп - әдемі шыбықтарға көзі түсті. Әкесі: - Балам Бақытқа қарашы, өзіндей бала ғой ! Сенің де қолынан келеді ! - деді әкесі. ( Бақытқа неге қолғанат жасамадым ) деп өкінді.
Ертелі - кеші тыным таппай Бақыт еңбек етті. Сол кезде Бақыт көше бойына аула ішіне талдар отырғызды. Шыбықтар бүршік жара бастады.
Жас шыбықтар бүршік жарған соң, әдемі болып өсетінін Бақыт білді. Бақыттың еңбекқор бала екенін көрініп тұр.
Темір осы көшемен өтіп жататын. Темір Бақытқа іштей күліп жүретін. Темір басқа балаларға айтып, оларды да күлдіретін. Ол ойланды: ( Шыбық тамырсыз өсе ме екен ) - деді.
Бір күні әкесі екеуі таза ауамен жүргенде, әп - әдемі шыбықтарға көзі түсті. Әкесі:
- Балам Бақытқа қарашы, өзіндей бала ғой ! Сенің де қолынан келеді ! - деді әкесі.
( Бақытқа неге қолғанат жасамадым ) деп өкінді.