Біздің есігіміздің алдында шағын ғана бақшамыз бар. Көктем басталғалы бәріміз сол бақшамызда жұмыс істейміз. Бақшадан жылда жақсы өнім аламыз. Көкөністерді ешқашан базардан немесе дүкеннен сатып алмаймыз. Қияр, қызанақ, жуа, қырыққабат, қызылша, картоп, сәбіз бәрі-бәрі бар. Жаздай тойғанымызша жейміз. Артылғанын түрлі салаттар жасап, қысқа сақтаймыз. Қияр, қызанақтарды анам кәдімгі банкіге тұздайды. Ал, қырыққабатты үлкен бөшкелерде тұздаймыз. Жалпы, бақша(огород) болған өте жақсы. Өнімі қыстай, жаздай тамақ.
Деректі зат есім - көзге көрінетін, қолмен ұстап біле алатын заттар.
1) Бүгін қар жауды.
2)Айбике жерден қалам тауып алды.
3)Ұшақ екі сағатқа кешігіп қонды.
4)Бақшамызда түймедақ гүлі өсуде.
5)Әкем үйге жаңадан тоңазытқыш сатып алды.
Дерексіз-көзге көрінбейтін, қолмен ұстап, сезе алмайтын дүниелер.
1)Білім алу арқылы санамызды жетілдіреміз.
2)Домбырадан шыққан қоңыр әуен жүректі тербетеді.
3)Адамдар адреналин арқылы ерекше сезім алады.
4)Үлкендер кішіге мейірім көрсетеді.
5)Оқу барысында басыма керемет ой келді.