Мәтінде көтерілген басты мәселені, жалпы мазмұнына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. Мәтіндегі кем дегенде екі детальді ақпаратты анықтап, оның себебін түсіндіріңіз 1-мәтін
Әзиз Тастанбеков, профессор, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, қазақ күресінің жанашыры:
– Көкпар десе, қазақ күресі десе айрықша рухтанып, тақым қыспайтын қазақ жоқ. Біз де әрдайым елеңдеп, рухтанып отырамыз. Күреспен бала кезден айналыстық. Еркін күрестен де, классикалық күрестен де, оның ішінде қазақ күресінен де спорт шебері болдық, дегенмен, осы ұлттық спорт түрінің көптен кенжелеу қалып келе жатқаны рас еді. Баяғыда ел ішінде жылына бір мәрте жарыс ұйымдастырылса, қатты қуанатын едік. Иә, қазақ күресі қақпайды көп көрді. Ертеректе, Оңтүстік Қазақстан облысында, Жетісайда қазақ күресіне жанашыр ағаларымыз он-жиырма жылда бір рет болсын, жарыстар ұйымдастыратын. Соған ел ауыл-ауылдан ағылып келетін еді. Ол іс-шара үлкен тойға ұласатын. Енді сол бірталай теперішке түскен Қазақ күресінің бағын Ислам Әбішев пен мына Серік інілеріміз бастаған азаматтар ашып, ұлттық ойында әлемдік деңгейдегі дүбірге қоса бастады. Елім, халқым деген осынау еңбектері адал жігіттер аман болсын. Енді Қазақ күресін олимпиадаға қосуды діттеп отыр. Ол күннің келетініне де кәміл сенемін…
2-мәтін
Су
Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.
Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.
Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.
Объяснение:
Бірінші мәтінде қазақ күресі, дәлірек айтқанда, қазақ күресімен ешкім айналыспайтыны туралы айтылады. Сондай-ақ, Ислам Әбішев пен Серік қазақ күресін Олимпиада ойындарына қоспақшы туралы айтылды. Менің ойымша, бұл өте жақсы идея. Өйткені бұл денсаулыққа пайдалы және ол біздің еліміздің абыройын асқақтатауға көмектеседі.
Екінші мәтінде біздің чемпиондарымыз және олардың Азия ойындарындағы жетістіктері туралы айтылады. Мен Қазақстанда осындай талантты адамдардың болғанына қуаныштымын! Азия ойындарының төртінші күнінің арқасында біз 3-ші орынға ие болдық!