Мәтінде кездесетін стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын редакциялап, түзетіп жазыңдар.
Көне түркі жазуларының сыртқы түрі тасқа қашалған түрде, «баспа әріптері» түрінде жетті бізге. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бізге жетпеді бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты.
Бұл жазуларды қазақ руларының таңбаларына ұқсатады алғаш көрген адам. «Жебе таңбалар», «ай таңбалар», «тү- мар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық
- Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың?
- Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан.
- Неліктен? Бұл сан туралы не білесің?
- Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты.
Сен үшін қандай сандар қасиетті?
- Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін.
- Бұл санның қандай қаситеі бар?
- Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар.
- Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр.
- Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.