В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ПолинаКот197
ПолинаКот197
13.01.2023 10:56 •  Қазақ тiлi

Мәтінде неше құрмалас сөйлем бар ? Құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтап , талдау жаса .
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қауіпі төніп тұрған заттар жатады . Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым . Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады . Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді . Олар атмосфералық , су , өсімдіктер , жануарлар , топырақ , қазба байлықтар , энергетикалық және т.б. болып бөлінеді . Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты .
Ресурстардың ішінде судың орны ерекше . Су – ластану нәтижесінде уақытша ( сапалық жағынан ) сарқылатын , бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс . Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан - жылға өзекті мәселеге айналып келеді . Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады . Мысалы , күн энергиясы , жел , теңіздің толуы мен қайту энергиялары . Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғыммен салыстырмалы түрде айтылады . Себебі әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады . Мысалы белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп , термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін .​

Показать ответ
Ответ:
Зефирка170504
Зефирка170504
17.10.2022 21:04

Жауаптары:

1) Бала мектепте сурет салуды ұнататын.

2) Баласының бұл өнерін байқаған әке оны барынша қоопаштады.

3) Түні бойы сүйікті ісімен айналысқан баласына әкесі: «Жарайды, жаның соны қалап отырса, өзіңе қажет болса, отыр, жаса. Бүгін қанып ұйықтамасаң, орнын ертең толтырарсың. Ал бүгінгі келіп тұрған шабытты қайтарып тастауға болмайды. Бәрібір соны ойлап дөңбекшіп жатасың», - деді.

4) Қазіргі отбасылар туралы айтылған пікір дұрыс деп ойлаймын.Шынымен де,қазіргі таңда ата-ана балаға дұрыс көңіл бөлмейді.Кейбіреулері балаларын қатаң тәртіппен тәрбиелейді.Өз дегендерімен жүргізеді.Мұндай кезде "болам деген баланың бетін қақпай" дегің-ақ келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
таня43564
таня43564
05.04.2022 07:51

Менің мақсатым.

Менің қазіргі таңдағы мақсатым, әрі бала күннен арманым – ұшқыш болу. Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ұшқыштар жер мен көкті жалғап, аспан әлеміне саяхаттап, ел мен жерді ұшақ  арқылы байланыстыратын адамдар. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдап қараймын. Болашақта асқақ арманым орындалып, мақсатыма қол жеткізу үшін бар ынта – жігерімді саламын.

Ұшқыш болу үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық  та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ұшқыштар алыс сапарларға аттанбас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады, өз білімдерін жетілдіреді.

Мықты денсаулық пен жақсы білім мен қатар ұшқыш болу үшін шет тілдерін де жетік меңгеру керек, әсіресе қазір барлық әлемде ағылшын тілі авиацияда кеңінен қолданылады. Сондықтан мен ағылшын тілін аса зор ынтамен оқып, үйренудемін.

Әлемнің түкпір – түкпіріне саяхаттап, отбасыма да жер жүзін көрсеткім келеді. Дегенмен, қанша шетелді аралап жүрсем де, жүрегім тек «Қазақстан» деп соғады, себебі бұл менің туған жерім. Сөз соңында Қасым Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» атты өлеңі  менің ойымды түйіндей түседі:

Мөлдір тұнық көк аспан,

Сол аспанға жарасқан

Самолеттей сұңқармен,

Ұшқан құспен таласқан,

Ұшқыш болғым келеді!

Көңлі – дария, ойы – аспан,

Асқар шыңнан бойы асқан,

Ай, Күнімен аспанның

Әзілдескен, сырласқан

Ұшқыш болғым келеді! ...

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота