Мәтінде жауабы бар сұрақты таңда Верных ответов : 2
а) Тұңғыш Президенттің ант қабылдау рәсімі қашан өткізілді?
б) «Тар заман» телехикаясы көрерменге не туралы көрсетті?
в) Қазақстандықтарға қандай телеарна ұнады?
г) Қазақстанның қай қалаларында студиялар ашылмады?
д) Қазақстан арнасы қандай жаңалықты жеткізді?
Биыл Қазақ телевиязысының құрылғанына 60 жыл толды.1958 жылы елімізде теледидар алғаш рет Алматыда тікелей хабар тарата бастады. Сол жылы Қарағанды мен Өскеменде,1959 жылы Жезқазғанда,1960 жылы Петропавлда облыстық студиялар ашылды.Бұдан кейін Целиноград ,Орал,Балқаш,Семей қалаларында студиялар ашылып,жұмыс істей бастады.
1985 жылы қайта құру кезеңі басталып,елде үлкен өзгерістер болды. «Қазақстан» арнасы 1991 жылы ел тәуелсіздігін халыққа бірінші боп жеткізді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ант қабылдау рәсімін көрсетті
Кез келген ақпарат құралы өз елінің ұлттық мүддесін басты мақсатта ұстайды.2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Qazagstan» ұлттық арнасы 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшті.Қазіргі таңда «Қазақстан» телерадиокорпорациясы - «Qazagstan» Ұлттық арнасы, «QAZSPORT» «Балапан» телеарналары, «Қазақ», «Шалқар» , «Астана» және «Классик» радиолары,аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіретін үлкен телеарна. Корпорация мен аймақтық филиалдарда екі мыңнан астам адам қызмет етеді.
«Qazagstan» Ұлттық телеарнасындағы көрсетілімдерден 80 пайызы – төл өнім. Көктемгі маусымда ұлттық арнаның ұжымы көрермендерін тың жобалармен,жағымды жаңалықтармен қуантпақ..Атап айтқанда «Жүрсіннің жүйріктері» жаңа форматта айтыстың көркін қыздырса,26 наурыздан бастап алаш зиялыларының тағдырын арқау еткен «Тар заман» телехикаясы көрерменге жол тартады. Сонымен бірге соңғы уақытта жаңа деректі фильмдер ,отандық телесериалдар да эфирге шығып жатыр.Алпыс жылдық тарихы бар Қазақ телевизиясы – қазақ қауымының мәдени әрі рухани ошағы.Өзекті тақырыптарды қамтылған арна мыңдаған жас өренді тәрбиелеп,отандық телевизия мектебін күшейтіп келеді.
1..Жасы үлкеннің сөзін бөлме – в разговоре не перебивай старших.
2. Жасы үлкеннің жолын кеспе – не пересекай дорогу старшему.
3.Ата-анаңа қайда барасыз деп сұрама – не спрашивай родителей, куда они идут.
4.Үлкенге сыртыңды беріп отырма – не садись спиной к старшему.
.5Кісі жолын кеспе – не переходи дорогу перед старшим.
6.Қонаққа берер затты сол қолмен берме – то, что даешь гостю, не протягивай левой рукой.
7.Кісіге қару кезенбе – не направляй оружие на человека.
8.Жалғыз ағашты кеспе – не руби одинокое дерево.
9.Жыңғылмен атты қамшылама – не погоняй лошадь гребенщиком.
10.Көгалды таптама – не топчи поляну.