Мәтіндегі ақиқат және жалған ақпараттарды топтастыр. Сол сияқты менің сары май жемейтінім де бар. Ол да бала күнімнен бері келе жатқан әдетім. Енді соның себебін айтайын. Мен жасымда айтқанымды орындамай, орындатпай қоймайтын тентек болсам керек. (Ол күлді). Жоғарыда айтылған қара қозыны тірілте алмағаным болмаса. Тағы да бір ойыннан қайтып, үйге келсем, әжем жаңа ғана қаймақ шайқап болып, түскен майды сығып, табаққа салып жатыр екен. — Әже, май бер, — дедім қарным ашып келген мен. — Тұра тұр, қалқам, — деді әжем. — Алдымен майды қылшықтап, тұздайын. Содан соң оны жейсің бе, алақаныңа салып жалайсың ба, өз еркің. — Жоқ, маған қазір бер, — деп қиғылықты салдым. — Мә, ендеше, — деді әжем қатуланып, май салған ағаш табақты маған қарай итере салып. Сонсоң өзі үйден шығып кетті. Тұздалмаған, қылшығы алынбаған майды шеңгелдеп тұрып ал кеп жейін. Содан не керек, кешке қарай ыстығым көтеріліп, лақ-лақ құсып, ауырмасым бар ма. Сонымен, жаңағы майдың кесірінен бір апта ауырып, үйден шыға алмай жаттым. Қолды-аяқты балаға бір апта үйден шыға алмай жатудың қандай азап екенін мен айтпасам да балдырғандардың өздері біледі оны. Міне, осыдан кейін енді май көрсем жүрегім айнитын болды. Әже тілін алмаған бала осындай, өмір бойы май жей алмайтын болып кетеді екен. Ал, сары май адамға ең қажетті астың бірі ғой. Мұны мен балалар әрқашанда әжелерінің тілін алып жүрсін, менің қатем оларға ғибрат болсын деп айтып жатырмын. Сары май жемейтінім бар; Мен жасымда айтқанды орындайтынмын; Май салған ағаш табақты маған бермеді; Менің қатем оларға ғибрат болсын деп айтып жатырмын; Сары май адамға ең қажетті астың бірі ғой. Жаңағы майдың кесірінен екі апта ауырдым.
Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Кендебай қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе, бие жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымен биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай еркек құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты. Кендебай осылай аң аулап, ел аралап жүре беріпті. Ол мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Керқұла атты Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті. Кетіп бара жатып, қозысын бағып жүрген бір балаға кездеседі. Бала еңіреп жылап жүр екен. Кендебай жетіп келіп:
- Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың? - деп сұрапты.
Баланың басы таз, киімі өрім-өрім екен.
- Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын! - деп қоя беріпті бала.
- Не болды? Жөндеп айтшы? - деп сұрапты Кендебай. Бала көзінің жасын көл қылып, ауыр бір күрсініп алып, былай деп жауап беріпті:
-Кітапхана жоспарының жоспары- жұмысты орындаудың мазмұнын, көлемін, дәйектілігін, мерзімді және орындаушыларын анықтайтын құжат. Болашақтық және ағымдағы жұмыс жоспары болады.
Кітапхана ісін жоспарлау - кітапхана ісін баскарудың кұрамды бөлігі - белгілі бір кезеңге кітапхана ісін жетілдіру, оларды даму көрсеткіштерінің мақсатын ғылыми анықтау.
Кітапхана ресурстарын жоспарлау - белгілі мерзімге кітапхана ресурстары дамуының тенденциясы мен болашағын анықтауда аймақтың (мекеменің) тұрғындарының белгілі қажеттерін зерттеу арқылы жүзеге асатын жоспарлау.
Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен окушы әрекеттесулерін құрастыру.
Кітапхана ғимаратын жоспарлау - кітапханалык технологиялык процестердің мазмұны мен дөйектілігіне сай келетін үй-жайынын орналасу жүйесі.
Орналасу жоспары - жіктеу индекісінің тану белгілері жок, бөлінуде тиіптік айрмашылығы бар жіктік кестесінің көмегімен бөлінетін ББЖ.
Платун-жоспары (ағылш. platoon - «взвод» немесе «отряд») - оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы, мұндағы оқушыларда тұрақтысының бөлмесі жоқ, «взводтарға» немесе «қаңғыбас сыныптарға» ұйымдасқан және бір «лабораториядан» екіншісіне көшіп жүре береді.