мәтіндегі ақпаратты "төрт сөйлем" тәсілдін пайдаланып айтыңдар.
пікір. оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
дәлел. өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
мысал. пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
қорытынды. тақырып бойынша қорытынды жаз.
Әрине, келісемін. Менде киімдер көп емес, бірақ бәрі ұнамды киімдер.
Жылдың әр мезгіліне арналған киімдер ме?
Ия, мендегі жаздық киімдер арзан, жеңіл, қонымды. Ал, аяқ киімдер жоғары бағадағы, сапалы. Себебі, аяқ киімдер ыңғайлы болу керек.
Мені де анам солай үйретеді. Ол әрі басың да қысқы мезгілде жылы болуы керек, сондықтан жылы бас киімдер бірнешеу болу керек дейді.
Сенде сапарға шыққанда киетін киімдер бөлек пе?
Ия, сапарға шыққанда киетін арнайы киімдер бар.
Оның өзі де әр түрлі шығар?
Ол киімдер де әр түрлі, жазда, қыста, күзде, көктемде деп бөлінеді.
Ойынға киетін киімдер тағы бар.
Олар да әр түрлі ме?
Әрине, әр түрлі киімдер, мезгілге байланысты.
Менің отаным тәуелсіздігі тұғырлы киелі қазақ жері. Киелі қазақ жерінің түпкіріндегі орны ешнәрсемен сараланбайтын шағын ғана Малтабар атты ауылым. Менің шырылдап дүние есігін ашқан жерім де, өскен жерім де осы шағын ауылмен тікелей байланысты. Менің ауылым – отанымның кішкентай бір бөлшегі. Яғни, әркімге өзінің туып өскен жері, кішкентай отаны. Осы кішкентай отаныммен үлкен отанымның амандығы ,бірлігі мен үшін өте маңызды. Мен үшін Отан – жер бетіндегі жан азығыммен өмір мәнінің түйіскен бұрышы деп білемін.
Дархан даламызды Алаштың айбынды азаматтары көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпақтың жарқын болашағына жол салып берді. Отанымыздың алып мемлекет атануына септігін тигізген азаматтардың үлестерін жадымызда сақтау кімге де болсын парыз әрі міндет.Бірақ осы міндетін ұмытқан оты сөнген жандар да баршылық. Олардың адам деген атты құр алып жүруге қалайша намыстары жібереді десеңізші?
Менің ойымша, нағыз отанына деген патриот, «адам деген атты құр алып жүрмей, шың мәнісінде адам» атануға тиісті. Яғни олардың отанға деген сонымен қоса, отанмен бірге өзінің тағдырына да салғырттығы. Мұзбалақ ақын Мұқағали атамыз жырлағандай үш бақыттың тіпті болмаса біреуін болсың қадірлесе, қазақ азаматы ретіндегі жүрегінде отанына деген патриоттық сезімі болса, онда ата-баба рухы бізге мәңгіге ризашылығын білдіретіні сөзсіз. Олардың көз жасы мен қанының зая төгілмегендігінің белгісі деп білемін