Мәтіндегі етістіктерге есімше жұрнағын жалғап, қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңдер. Үлгі: Бірде мынадай қызық оқиға болды. - Бірде мынадай қызық оқиға болған.
Ғаламтордағы барлық ақпаратқа сендім. Бірде мынадай қызық оқиға бол-
ды. « YouTube» желісіне жүктелген мәлімет бойынша ұялы телефонымды суға
салып, беріктігін тексердім. Аздан соң телефоным істен шығып қалды. Демек,
ғаламтордағы барлық ақпаратқа бірдей сенуге болмайды.
«Еліміздегі туризмді қалай дамытуға болады?» тақырыбына диалог құрастыру.
Тілші: Сәлеметсіздер ме, құрметті телекөрермендер! Назарларыңызға еліміздегі «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының төрағасы Серік Амантайұлымен «Еліміздегі туризмді қалай дамытуға болады» деген сұхбатымызды ұсынамыз.
Құрметті, Серік Амантайұлы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да еліміздің туристік ахуалына ерекше назар аударған болатын. Соңғы жылдары ел үкіметі туризм саласын дамытуға негізделген мақсаттарды айқындап, әсіресе, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу страгетиясы бойынша нақты міндеттемелер жүктеп отыр. Сіздің ойыңызша, еліміздегі туризмді дамыту үшін қандай іс – шараларды қолға алу керек?
Серік Амантайұлы: Менің ойымша, алдымен визасыз режим тізіміндегі елдер тізімін арттыру қажет. 2019 жылдың қыркүйек айында Қазақстанға азаматтары визасыз кіре алатын мемлекеттердің тізімі 12 елмен толыққан еді. Бұған дейін елімізде 30 күнге дейін 45 мемлекеттің азаматтары визасыз жүре алатын.
Тілші: Демек, туристерге ашық, қолайлы мемлекеттің бар екенін барлық жерде насихаттау қажет.
Серік Амантайұлы: Ия, дұрыс айтасыз. Еліміздің туристік әлеуетін арттыру мақсатында «Қазақ туризм» компаниясы құрылған болатын. Біздің басты міндеттеріміз – шетелде Қазақстанды насихаттау және туризм саласына инвестиция тарту.
Тілші: Халық¬аралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Жалпы, еліміздегі туризмнің жағдайы мен болашағы туралы не айтасыз?
Серік Амантайұлы: Туризм соңғы жылдары ең табысты бизнестің біріне айналып отыр. Қазақстан аумағында өткізілген ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі туризм саласын дамытуға зор үлес қосты. Еліміздің бірегей мәдениеті мен табиғаты, ұлттық тағамдары мен сусындары – осының бәрін туристтерге еасихаттауымыз керек.
Тілші: Серік Амантайұлы, сұхбатыңызға үлкен рахмет!
аурыз мейрамы туралы эссе керек? [сұрақ жабық]
Арсен.А Мектеп 16.03.2015 сұрақ қойды | 126k қаралды
Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр аралайлы.
Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылады.
Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, дастарханнан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау тіккен. Алтыбақан басында ән айтып күй тартады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндірген. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын!
Мұлсылман қауымына исламның жеті байлығын тілейміз. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын!