Мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтап, үш проблемалық сұрақ
құрастырыңыз.
Тау асып, теңіз басып әкелінген трансгенді
өнімдер туралы даудың көрігі қызып кетпесе
де қоғамда екіұдай пікір қалыптастырып
отыр. Тағамтану саласының кей мамандары
оны қоштаса, оқығаны мен тоқығаны көп
болмаса да бір білері бар ауылдағы ағайын
мұның астарында қандай да бір құпия барын
біледі. Табиғи емес өнімдер расында ірімейді,
шірімейді, сөреде айлап емес, жылдап тұра
береді. Сырты жылтырап өзі ірімесе де,асқазаныңызды шірітіп жатпағанына кім
кепіл?
Аштан емес, астан өлмейтініңе де кепілдік
жоқ. Қолдан өсірген емес, қолдан өлтірген
тағамдардың кесірінен құбыжық сәбилердің,
түрлі аурулардың көбейіп кетуінің бір
ұштығы осында жатқан жоқ па екен? Алайда
ол туралы ресми статистикалық дерек
мүлдем жоқ. Батыс ғалымдары мутацияға
ұшырау – генетика ғылымының қарқынды
дамуы себебінен деп есептейді. Ал гендік
инженерияның Отаны саналатын Америкада
гені модификацияланған өнімге кең жол
ашылған. Әлемде мыңнан астам гені
модификацияланған «өнер туындылары»
бар. Бірақ оның тек 100-іне ғана шығаруға
рұқсат берілген. Кәрі құрлықта өнімнің
қорабында ГМО туралы ескерту белгі
жапсырылады. Ал біздің елімізде мұндай
мәдениет қалыптаспаған. Тіпті сол шетелден
келген импорт өнімдерге ескерту жазылсын
деп те міндеттей алмай отырмыз. Азық-түлік
пен көкөністің көбісі Қытайдан келетіндіктен,
онда иероглифтен басқа ештеңе жоқ.
Еліміздегі №1 тағамтанушы Төрегелді
Шарманов болса, осы өнімдерге шаң
жуытқысы жоқ.
Елімізде ауылшаруашылығына көп көңіл
бөлініп, жылыжай кешендері іске қосылып,
көкөніс өндіру артқанымен, импорт өнімді
сөреден түре қуып шығуға қауқар жетер
емес. Ішкі нарық жұтап қалмас үшін Қытай,
Қырғызстан, Өзбекстаннан өкіртіп тасып
жатырмыз. Әсіресе қытайлық жемістер
жасанды сияқты көрінетіні рас. Ұзақ
сақталады. Алмасына мүлде құрт түспейді. Ал
алмұрт деген атауы бар қолдан жасалған
жемісті жесеңіз қағаз шайнағандай боласыз.
Бақшаңызға өзіңіз өсірген қызанақпен
салыстырып көріңізші. Өзіңіздікі дәмі тіл
үйірерліктей болғанымен екі-үш күннен
артыққа шыдамайды. Босап кетеді. Ал
қытайлық қызанағыңыз тастай қатып жата
береді. Жарамдылық мерзімі жарап тұр.
Осыдан кейін ойға қаласың, расында, Қытай
өнімдерді гендік модификацияны өсірген бе деп. Бірақ олар дәл осыны қатаң
құпияда ұстайды. Ешқандай мәлімет ала
алмайсыз... отдам все что есть
Тасбақа мен тышқан.
Тасбақа мен тышқан келе жатты.Олар түлкіні көрді.Тышқан інге кіріп кетті.Ал тасбақа болса сасқалақтап,домаланып тасының ішіне кіріп алды.Түлкі тасбақаны байқап қалған еді.Енді түлкі тасбақаға қарай келе жатты.Келді де иіскелей бастады,тасбақа көзін тарс жұмып алды.Бір кезде тасбақа мен біттім дегенде, түлкінің айқайлаған дауысын естіді.Сөйтсе жаңағы інге тығылып қалған тышқан іннен өзінің достарын алып шығып, түлкінің құйрығын жабылып тістелеп жатыр екен.Түлкі төтеп бере алмай қашып кетті.Ал тасбақа болса достарына өз алғысын айтты.
Шығарма
Халық ауыз әдебиеті.
Халық ауыз әдебиеті – халқымыздың талай ғасырлық жемісі.Оны бізге халық жыраулары,жыршылары,ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп,бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.Әсіресе,халық ауыз әдебиеті,аты айтып тұрғандай,ауыздан-ауызға тарағаны белгілі.Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады."Біз ескі әдетімізді сүйеміз,сүюіміз дәлелсіз емес.Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес.Себебі,әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр" деп қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов бекер айтпаған деп білемін.Себебі,расында,біздің әдеби қорымызда көптеген баға жетпес туындылар бар.
Тұрмыс-салт жырларынан бастап,эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық бейнесін көрсетеді.Тұрмыс-салт жырларының өзі бірнеше түрге бөлінеді.Мақал-мәтелдер,жұмбақтар мен жаңылтпаштар,лиро-эпостық жырлар,айтыстар,тарихы жырлар мен шешендік сөздер сол заманның бейнесін біздің көз алдымызға әкеледі.Халық ауыз әдебиетінде бәрі-бәрі баян етілген.Халықтың тұрмыс-тіршілігі,арманы,қиялы,мақсаты,көрегенділігі бәрі де ұштасқан."Алпамыс батыр",'Қобыланды батыр" жырларынан бабаларымыздың ерлігін,батырлығын,"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу","Қыз Жібек" лиро-эпостық жырларынан махаббатты,қайсарлықты көреміз.Жаңа өмірге келген сәбиден еңкейген қартқа дейін өткізілетін түрлі салт-дәстүрлерді біз тұрмыс-салт жырларынан көреміз.Ал ертегілер сені өзге әлемге сапар шектіреді.Мақал-мателдер,жұмбақтар мен дана би-шешендерімізден қалған шешендік сөздерде таусылмас ақыл дариясы жатыр.Ия,бұның бәрі бір қазақ халық ауыз әдебиетінде жатыр.Халық ауыз әдебиеті - ол шығармалар жиынтығы ғана емес,кешегіге апаратын көпір,бізді тарихымызбен байланыстырушы.
"Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды" деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,төл әдебиетімізді төрде ұстап, мәңгі қастерлейік!