Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады.
Әп адам салауатты өмір салтын устануы керек,дұрыс тамақтанып жаман әдеттерді тастауы тиіс.Дұрыс тамақтануға: фастфуд,тәттілер,майлы тағам жатпайды.Дұрыс тамақтану дегеніміз-біріншіден сүтті тағамдарды пайдалану,ет,көже,ботқа және де жемістер мен көкөністер.Дүниеде миллионнан астам жемістер мен көкөністердің түрі бар.Бүлдірген суық тигенде көмектеседі.Ал алма қанды тазартады.Әр жемісте денсаулыққа қажетті дәрумендер бар.Дегенмен бұл фаст фуд,тәтті тағамдарды жемеу керек дегенді білдірмейді.Барлығы өлшермен болуы тиіс.Денсаулықты сақтаңдар!