Шоқанның бойынан мен үзгі етер қасиеттің бірі - зерттеушілікке, білімге деген ерекше құмарлық. 30 жылдық қысқа ғана ғұмырында еліне пайдалы іс жасап, артына із қалдыру кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Өз халқының ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеп, қағазға түсірген Шоқан халық мәдениетіне, ертеңгі күніне алаңдаулы болғанын көруге болады. Орыс зерттеушілерімен бірігіп, сапар шегіп, экспедицияларға қатысып, қазақ халықының арасынан шыққан тұңғыш географтың бірі болды. Әдетте адам өзі білмейтін іске аяқ баса қоймайды. Ал Шоқан ауыз әдебиетін зерттеп, тек қазақ емес, сонымен қатар қырғыз жырларын да зерттеп, "Үш дананың" біріне айналды. Шоқанның бұл құмарлығы даңққұмарлық емес, халқына деген жан ашырлық деп түсінемін. Міне осындай қасиеттерімен Шоқан мен үшін дара тұлға болып табылады. Бүгінгі күні 30 жасқа келсе де, әке-шешесінің алақанына қарап отырғандар қаншама. Солардың қатарынан емес, Шоқан секілділердің қатарынан табылғым келеді. Сол жолда тер төгіге тырысамын.
Менің сүйікті үй жануарым ол ит. Ит жеті қазынынң бірі деп жатады. Менің итім өте сүйкімді және мейірімді.Мені күнде мектептен кейін қарсы алады. Менің итімнің аты-Тобик.Менің ойымша әр адам өз итін шексіз жақсы көреді. Итімнің көптеген қылықтары маған қатты ұнайды. Оларды атап кетсек:жүгіру,секіру және ен басты қасиеті ол берген бұйрығынды бұлжытпай орындайды. Ит-адамның досы. Итті адамдар жаксы кадірлейді, әсіресе қазақ халқы. Қазақ халқы итті - жеті қазынаның бірі дейді. Әр елдің халық жазушы - ақындары ит туралы көптеген шығарма, әңгімелер, өлеңдер жазады. Біздің үйде де ит бар. Оның аты Рекс. Мен оны жақсы көремін.