Мәтіндегі "қой"сөзінің омонимін көрсет Бала күнімде естіген бір әңгімем естен кетпейді. Бір шопанның қорасының маңына қасқырлар бөлтірік
өргізеді. Қой қайырған шопанның бұларға, қасқырдың оған зияны жоқ, бейбіт қатар өмір сүріп жатады.
"Бөлтірігін алайық" деп ауыл жігіттері жұлқынғанмен, шопан оларды маңайлатпайды. Дүниеде бөлтірігін
алдырған қасқырдан ашулы аң жоқ, ертең-ақ қойын қырып кетуі мүмкін. Бөлтіріктердің атасы мен енесі де
көршісінің отарына өзге тұқымдастарын жақындатпай, сырттай қорғаштап жүреді.
Осы кезде мынандай оқиға болады. Ін аузынан шығып, күншуақта ойнайтын бөлтіріктер бір ақ қозыны
абайсызда өлтіріп алады. Оны шопан да көреді. Ертеңіне "енді қайтер екен?" деп бақыласа, отарында
мойнында қызыл жібі бар бөтен ақ қозы пайда болыпты.
Қызықты қараңыз, бөлтірігінің "қылығына" ұялған қасқырлар сол түні көрші ауылдың қотанына түсіп, әлгі
ақ қозыны ұрлап алып келген екен
Қойға қасқыр шапты
Қойшы қойларын бағады екен
Қасқырлар бір ақ қозыны әкеп қойды
Қойдың қозысы бар екен
• Артқа
Алға
-
о
13:30
07.12.2020
Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты.
Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.