Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөз тіркестері мен сөздерге синоним болатын сөздерді тауып, мәтінді қайта жазыңдар. Қандай ой түйгендеріңді айтыңдар.
Мың сіз-бізден бір шыж-быж артық
Біздің қазақта «Мың сіз-бізден бір шыж-быж артық» деген нақыл бар. Бұл
қазақтың шыж-быж тағамына қатысты айтылған екен. Әдетте жылқы сойылып
жатқанда, қасапшылар жеңіл тағам дайындайды. Шыж-быж соғымның өкпе-
бауырын, жүрегі мен бүйрегін отқа қақтап, шала пісіру арқылы дайындалады.
Жалпы, бұл тағамды: «ауыл үйдің арасында араздасып жүрген адамдардың
көңілін жарастырып жіберу үшін де даярлайды», - деседі.
Бұл ретте ғалым Мұрат Ығылманов:
Атауы айтып тұрғандай, шыж-быж - көңілдеріне кірбең ұялап, бір-бі-
рімен араздасып қалған жандарды татуластырып жіберу үшін дастарқанға
қойылатын тағам. Өте жұғымды, жүрекке тимейтін тағамның бұл түрі кейде
«ауыл елшісі» деп те аталып кеткен, - дейді.
(Қарлығаш Зарыққанқызы )
Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.