Мәтіндегі туынды етістіктерді сөз құрамына талдаңда Мәтін:
Екі дос кісі келе жатып бір аюға ұшырапты . Бүл екі кісінің біреуі - өлсіз , ауру екен , екіншісі – мықты , жас жігіт . Аюды көрген соң бүл жігіт ауру жолдасын тастап , өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді . Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ , жерге құлады да созылып , өлген кісі болды да жатты : естуі бар еді , аю өлген кісіге тимейді деп . Аю бүл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да , дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті . Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп , ауру жолдасынан сұрапты :
Достым , аю құлағыңа не сыбырлап кетті ? Ауру жолдасы : - Аю құлағыма ақыл сыбырлады , екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді , - дейді . Ы.Алтынсарин