Мәтіндерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орында. А мәтіні Қазақ тілі Мағжан Жұмабаев Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құсты қос қанаты қырқылды, Күндей күшті күркіреген ел тынды. Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың… Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Ә мәтіні Алаш қайраткерлері қазақ тілі туралы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі - автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі - мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы: Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді», - деді. Қазақ АҚСР-і орнағаннан соң, 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі шақырылды. Осы съезде 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып өгертілген, ресми түрде қабылданған әліпбидің мәні жөнінде, дыбыс әдісімен оқыту ісі жөніндегі мәселелер талқыланды. А. Байтұрсынұлы қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «оқу құралы» деген атпен 1912 жылы Орынборда шығарылса, кейін 7 рет қайта басылады
Түлкібас ауданындағы Ақсу-Жабағылы қорығынан әкелінген дүниелер фестивальге келген қала жұртшылығын бейжай қалдырған жоқ. Шетелге шыққандар сол жақтың сұлу табиғатын айтуға сөз таппай аузының суы құрғап келеді. Олардың бізден айырмашылығы, табиғат байлығын күтіп ұстауға тырысатындығы ғана. “Табиғат – талбесігің” деп айқайлап айтқанымызбен сөзіміз бен ісіміздің қабыспай жатқандығы болмаса шетелді мақтағыштар ондағы бар кереметті бір Ақсу-Жабағылы қорығының өзінен-ақ табар еді. “Қолда барда алтынның қадірі жоқ” дегендей, табиғат байлықтарының бағасын білмейді деп күстәналайтын халқымыз соңғы жылдары жақсы жағына қарай өзгеріп келеді
Байлық пен ақыл. Бір шалдың төрт ұлы болыпты.Бір күні шал ұлдарын жинап алып: -Мен қартайдым.Біреуінің үй иесі болатын уақыттарың жетті.Кімнің ақылы мен байлығы сай болса,сол мұрагерім болады.Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті. Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп: -Міне,менің байлығым.Ал кім бай болса,сол ақылды,-депті. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп,әдеміленіп келеді де: -Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді. Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да: -Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді. Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да,кіші ұлына: -Сен неге үндемейсің?Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?-дейді.Сонда кенжесі: Менің асыл тасты жүзігім де,сәнді киімім де,қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ.Тек еңбек сүйгіш екі қолым,қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар,-депті. Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды.Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті.Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Бір шалдың төрт ұлы болыпты.Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
-Мен қартайдым.Біреуінің үй иесі болатын уақыттарың жетті.Кімнің ақылы мен байлығы сай болса,сол мұрагерім болады.Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті.
Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
-Міне,менің байлығым.Ал кім бай болса,сол ақылды,-депті.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп,әдеміленіп келеді де:
-Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді.
Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
-Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да,кіші ұлына:
-Сен неге үндемейсің?Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?-дейді.Сонда кенжесі:
Менің асыл тасты жүзігім де,сәнді киімім де,қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ.Тек еңбек сүйгіш екі қолым,қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар,-депті.
Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды.Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті.Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.