Мәтіндердің мазмұнын ажырат. Қазақ тілі түркі тілдерінің заңды мұрагері ретінде солармен бірге бес жазу үлгісін бастан кешірді. Олар – көне түркі, көне ұйғыр, араб, латын, орыс жазулары. Жалпы қазақ қоғамында араб жазу жүйесі үш сатыда: қадим, жәдид, төте жазу қолданыс тапқаны тарихтан мәлім. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов араб жазуының қазақ тіліне қолайсыз тұстарын дөп тауып, тілдің дыбыстық ерекшелігіне сай етіп, ұлттық әліпби түзеді. Сол әліпби араб тіліндегі көптеген қолжазбалардың тылсым сырына үңілуге мүмкіндік беріп, халықтың руханиятын асқақтатып,санасын сәулелендірді. Қорыта айтқанда, төте жазу – тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы, «қойыртпақ тіл» жасауға кедергі болатын тұсау, қазақ жазуының негізі, рухани тұғыры бола білді. Мақалада қазақ тілі жазуының лингвистикалық аспектісі қарастырылады. Автор қазақ әліпбиінің тарихына шолу жасайды. Қазақ тілі жазу тарихының даму кезеңдерін атап көрсетеді. Мақалада емледегі өзгерістердің тарихи және лингвистикалық себептері талданады. Қазақ орфографиясындағы негізгі принцип айқындалады. Қазақ жазуындағы аудара отырып, әсіресе, олардың ішінде сөздерді бөлек не бірге жазылатын сөздердің формалды және семантикалық белгілеріне тоқталады. Фонетикалық принциппен жазылатын сөздерге түсініктеме беріледі. и, у әріптерімен жазылатын сөздердің тасымалдануы, бас әріптің қызметі, қазақ жазуындағы үндесім заңының көрінісі сөз етіледі.
Полисемия (гр. Poly - көп + sema - таңба)[1] - сөздің екі немесе бірнеше мағынаға ие болуы. Полисемия екі түрлі: грамматикалық полисемия және лексикалық. Полисемия сөздің қандай мағынада айтылуы сол сөздің басқа әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі арқылы, белгілі бір контексте, нақтылы жағдайда, әңгіменің жалпы тақырыбына байланысты жүзеге асады. Мысалы, орыс тілінде: поле - ржаное поле, футболисты на поле, поля шляпы. Сөздің негізгі (басты, тура) мағынасы мен оның туынды (қосалқы, ауыспалы) мағыналарын өзара ажырату барысында оның негізгі мағынасы контекстке тікелей бағынышты болмайды, өйткені ол ешқандай контекстке байланысты болмай-ақ, сол сөз айтылған кезде сөйлеушінің ойына бірден келетін мағына болып табылады. Сөз мағыналарының арасындағы семантикалық өзара байланыс олардың арасында ортақ мән беретін элементтердің, яғни семаның рөлі арқылы көрінеді.[2] Көп мағыналылық – сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы. Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің К. м. байлығымен де ерекшеленеді. Сөздердің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – К. м. Бұл, негізінде, сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін олар бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан тағы бір немесе бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған. Мыс., “қанат” алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда), арба-шананың үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз сияды), ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары, т.б.) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды. Адам санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсастырылып, байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың екі сапасында, яки атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі, не бірнеше затты бір атаумен айтатын болған. Мыс., “судың асты” мағынасындағы “түп” сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі). 2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (томардың түбін қопардық). 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық). 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр). 5. Адамның шыққан тегі, арғы заты (“Мен сол керей ішіне сіңген аз атаның баласы едім, түбім қызай”. М.Әуезов). 6. Бір нәрсенің жаны, қасы (Мәскеу түбінде фашистер талқан болды). Сөздердің семантик. құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың тілдегі атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе, көп мағыналы сөздер сөздік құрамындағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етеді.
Полисемия (гр. Полy - көп + сема - таңба)[1] - сөздің екі немесе бірнеше мағынаға ие болуы. Полисемия екі түрлі: грамматикалық полисемия және лексикалық. Полисемия сөздің қандай мағынада айтылуы сол сөздің басқа әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі арқылы, белгілі бір контексте, нақтылы жағдайда, әңгіменің жалпы тақырыбына байланысты жүзеге асады. Мысалы, орыс тілінде: поле - ржаное поле, футболисты на поле, поля шляпы. Сөздің негізгі (басты, тура) мағынасы мен оның туынды (қосалқы, ауыспалы) мағыналарын өзара ажырату барысында оның негізгі мағынасы контекстке тікелей бағынышты болмайды, өйткені ол ешқандай контекстке байланысты болмай-ақ, сол сөз айтылған кезде сөйлеушінің ойына бірден келетін мағына болып табылады. Сөз мағыналарының арасындағы семантикалық өзара байланыс олардың арасында ортақ мән беретін элементтердің, яғни семаның рөлі арқылы көрінеді.[2]Көп мағыналылық – сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы. Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің К. м. байлығымен де ерекшеленеді. Сөздердің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – К. м. Бұл, негізінде, сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін олар бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан тағы бір немесе бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған. Мыс., “қанат” алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда), арба-шананың үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз сияды), ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары, т.б.) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды. Адам санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсастырылып, байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың екі сапасында, яки атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі, не бірнеше затты бір атаумен айтатын болған. Мыс., “судың асты” мағынасындағы “түп” сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі). 2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (томардың түбін қопардық). 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық). 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр). 5. Адамның шыққан тегі, арғы заты (“Мен сол керей ішіне сіңген аз атаның баласы едім, түбім қызай”. М.Әуезов). 6. Бір нәрсенің жаны, қасы (Мәскеу түбінде фашистер талқан болды). Сөздердің семантик. құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың тілдегі атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе, көп мағыналы сөздер сөздік құрамындағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етеді.