Мәтіндерді оқып, құрылымдық және жанрлық ерекшелігін ажыратыңыздар. 1-мәтін
Он бестегі ұлына ел басқартқан халық
Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан.
Атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды қайдан тауып ішетінін, жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хиқаяларын әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбие екенін жастайынан баланың бойына сіңіріп отырған. Жас ұрпақты бұлай тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыздың елден шыққан тентегіне де «Сен оңбассың, адам болмассың» дегенді тұқыртып бетін қайтарып айтуды жөн көрмеген. Адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап отырған.
Қазақ баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел басқартқан, шешендік сөз бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел басқартқан, шешендік сөз өнеріне қатыстырып тәлім берген.
2-мәтін
-Ауылдағы балалардың ең ересегі-сенің ұлың. Үлкендердің бірнеше рет ескерткеніне қарамастан олар үй маңында доп ойнауды доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршінің терезесін сындырды.
-Ересек екен деп менің баламнан көресіңдер-ау, бос сөйлеме!
-Сенің ата-ана болып тәрбие бергенің осы ма? Немене айқайлайсың?
-Менің қалай тәрбие беретінімде шаруаларың болмасын! Басымды ауыртпай…Әй, кел бері жүгрімек… Сен тағы неге соқтығып жүрсің? …Сені ме…
-"Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейтін сөз бар. Сіз қалай ақыл айтасыз?
-Ойбай-ау, енді сен маған ақыл үйретпекшісің бе? Өз ақылым өзіме жетеді. Барыңдар, көзіме көрінбеңдер!
Төмендегі үлгі бойынша жазыңыздар.
1-мәтін
Стилі-
Құрылымы-
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Тілдік ерекшелігі-
2-мәтін
Стилі-
Құрылымы-
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Тілдік ерекшелігі-
Қиын жағдай орын алған кезде өзіңді жоғалтып алмау үшін, мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ. Барлық нәрсені біртіндеп жасаған жөн. Емтиханға алдын-ала, біртіндеп, тыныштықты сақтап дайындала баста. Егер ойды жинақтау қиын болса, жеңілін есте сақтап, қиын материалды үйрен. Ішкі қатаюдан, шаршағаннан арылу үшін жаттығуды күнделікті орында.
Көзің шаршаса не істейсің?
Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да, көзіңнің демалуына жағдай жаса. Кез келген жаттығуды орындау керек.
- кезегімен жоғары-төмен жиырма бес секунд, оңға солға он бес секунд қара;
- көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;
- ұзақтығы бір затқа жиырма секунд, сосын алдыңдағы қағазға жиырма секунд көзіңді тік;
- сағат тілі бойынша оған кері етіп көз қарашығыңмен және квадрат, үшбұрышты сал.
Тамақтану
Тамақтану үш-төрт реттен және витаминге толы болуы керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Тағы да бір кеңес - емтихан алдында көп тамақтанбау керек.
Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек
Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңнің барлығын қысқаша жаз, сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер. Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз. Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен. Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары
Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі. Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.
Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса, онда түсіну де жоғары.
Бөліп оқыған, бірден оқығаннан жақсы. Бірден оқымай үзілістермен, аз-аздап оқыған жөн. Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек. Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең, көбінен бастағаның жөн.
Жұмыс қабілетін қолдану шарты
Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру; гимнастикалық жаттығуларды, яғни денені айналдыру, баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс, өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді. Көзді сақтау үшін, әрбір жиырма-отыз минутта үзіліс жасау ( кітаптан көзіңді алып, ұзаққа көз тігу), теледидардан хабарларды аз көру керек.
Что то составь из этого