Мәтіндерді өзара салыстырыңыз . Екі мәтіннің тілдік қолданыстарынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз ? Мәтіндердің ойына қатысты пікіріңізді білдіріңіз . 1 - мәтін Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі . Жеке адамның бойындағы ар - ұятын , ақыл - ойын адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті , басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ . Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп , қалыптасады . Отанға деген ыстық сезім — жақындарына , туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады . Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз . 2 - мәтін Төле би ел арасында " Қарлығаш әулие атанып кеткен екен . Аңыз бойынша , елге жоңғарлар шауып , ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан . Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті . Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді . Ел үдере көшкенде , өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кiсi жібереді . Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұра бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді . Сонда Төле би жоңғарларға амандықсыз сөз бастағанын айтып , бір тықыртса , көшпеуінің себебін айтып , екінші тықыртқан екен . Жұртпен бірге бас сауғалап , үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен : " Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен . Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім . Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып , балапандары шырылдатқым келмеді . Сендердің де үйлеріңді ойран етіп , бала шағаларыңды шырылдатса , өздеріңе жақсы болар ма еді ? " Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып , әскеріне би шаңырағына да , ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады . Содан бері Төле би " Қарлығаш әулие " атанып кеткен екен . Мәтіндер стилі тақырыбы мазмұны тілдік ерекшеліктері 1 - мәтін 2 - мәтін
Объяснение:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, қаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.
Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді.
Объяснение:
Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған.