Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
Мамандық таңдауда нені ескеру керек? Ең алдымен, мамандығыңыздан не алғыңыз келетінін жақсылап ойланыңыз. Қандай салада жұмыс істеген қызықты, қандай өмір салтын ұстанғыңыз келеді, жоғары жалақы деген сіз үшін қаншалықты маңызды, т.с.с. Әлбетте, өзіңіздің қабілетіңізді ескере отырып шешім қабылдағаныңыз жөн. Егер алгебрадан үштікпен оқысаңыз, бағдарламалаушы мамандығын армандап қажеті жоқ. Тағы бір ескеретін нәрсе – өзін-өзі бағдарлау тесті. Бұл деген не? Сіз келісіп, мақұл көрмейтін әр алуан пайымдаулар. Мұндай тестілерде физика, химия, астрономия, әдебиет және өзге де көптеген пәндер бойынша сұрақтар болады. Бұл сұрақтар сіздің қызығушылығыңыз бен ақыл-парасатыңыздың деңгейін анықтауға көмектеседі.
Ең алдымен, мамандығыңыздан не алғыңыз келетінін жақсылап ойланыңыз. Қандай салада жұмыс істеген қызықты, қандай өмір салтын ұстанғыңыз келеді, жоғары жалақы деген сіз үшін қаншалықты маңызды, т.с.с. Әлбетте, өзіңіздің қабілетіңізді ескере отырып шешім қабылдағаныңыз жөн. Егер алгебрадан үштікпен оқысаңыз, бағдарламалаушы мамандығын армандап қажеті жоқ. Тағы бір ескеретін нәрсе – өзін-өзі бағдарлау тесті. Бұл деген не? Сіз келісіп, мақұл көрмейтін әр алуан пайымдаулар. Мұндай тестілерде физика, химия, астрономия, әдебиет және өзге де көптеген пәндер бойынша сұрақтар болады. Бұл сұрақтар сіздің қызығушылығыңыз бен ақыл-парасатыңыздың деңгейін анықтауға көмектеседі.