Мәтінен сан есімдерді сөзбен жазу. Тынымбай Нұрмағамбетов 1945 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Қосүйеңкі ауылында туған . 1968 жылы Қызылорда қаласындағы Н. В. Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген . Еңбек жолын көп тиражды « Су құрылысшысы » газетінен бастаған . Қызылорда облыстық радио комитетінде істеген . « Жазушы » ба редактор қызметін атқарған . 1981 жылы М. Горький атындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген . Ш. Айманов атындағы « Қазақфильм » киностудиясының сценарийлік коллегиясында , Қазақ елі » газетінде редактордың орынбасары болып қызмет еткен . Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы « Қауын иісі » деген атпен шыққан . 1979 жылы осы жинақтың орыс тіліндегі нұсқасы үшін Бүкілодақтық М. Горький атындағы жастар сыйлығын алған . Жазушының бірнеше шығармасы орыс тіліне аударылып , жеке кітап болып басылды . 1972 жылы « Қош бол , ата » , 1975 жылы « Қарлығаштың ұясы » , 1977 жылы « Атақоныс » ,1979 жылы « Запах дыни » , 1980 жылы « Туық су , 1982 жылы Там где горел очаг , 1984 жылы « Талисман » , 1987 жылы « Бәйтеректер » , 1989 жылы « Туған ауыл түтіні » , 1995 жылы « Балалық шақтың әуендері » , 1997 жылы « Таңдамалы » , 2001 жылы « Айқай » және т.б. кітаптары жарияланған . Сонымен қатар « Табалдырығыңа табын » , « Жоғалған көл » , « Кемпірлер мен Пьесаларының « Тырналар ұшып барады » телефильм сценарийінің авторы . Жазушының көп шығармасы еңбек тақырыбына арналған . « Еңбек арқылы адам денсаулығын сақтайды » деген идеяны ұстанады . Жаңақорған ауданының құрметті азаматы . Халықаралық Қазақ ПЕН клубы сыйлығын алған ( 2000 ) . « Құрмет » орденінің иегері ( 2006 ) .
не перевод а задание
ответ:1945 жылы 10 маусымда-Бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы,оныншы маусымда
1968 жылы-бір мың тоғыз жүз алпыс сегізінші жылы
1981 жылы-бір мың тоғыз жүз сексен бірінші жылы
1971 жылы-бір мың тоғыз жүз жетпіс бірінші жылы
1979 жылы-бір мың тоғыз жүз жетпіс тоғызыншы жылы
1972 жылы-бір мың тоғыз жүз жетпіс екінші жылы
1975 жылы-бір мың тоғыз жүз жетпіс бесінші жылы
1977 жылы-бір мың тоғыз жүз жетпіс жетінші жылы
1979 жылы-бір мың тоғыз жүз жетпіс тоғызыншы жылы
1980 жылы-бір мың тоғыз жүз сексенінші жылы
1982 жылы-бір мың тоғыз жүз сексен екінші жылы
1984 жылы-бір мың тоғыз жүз сексен төртінші жылы
1987 жылы-бір мың тоғыз жүз сексен жетінші жылы
1989 жылы-бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы жылы
1995 жылы-бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы
1997 жылы-бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы
2001 жылы-екі мың бірінші жылы
2000-екі мың
2006-екі мың алты
Объяснение: