Мәтінге ат қойыңыз. Мәтінді мұқият тыңдап, жауырыншының неге қателескенін болжаңыз. Қазақтың Жасыбай батыры мен қалмақтың Шойын батыры арасында соғыс талай жылдарға созылады. Баянауылдың соншама әсем табиғатына қызыққан Шойын бірнеше рет қатты жеңіліп, қалың қолын қырғызып қайтса да, шапқыншылығын қоймайды. Ал Жасыбай Отанын жауға алғызбайды. Күндіз де, түнде де жау қолын өткізбес үшін терең шатқалдың аузындағы биік жартаста қарауылдап отырады. Осындай қанды жорықтың бірінде Жасыбай қасынан тастамайтын батыр серігі Киік жаурыншыға бал аштырады. «Жау алыс па, жақын ба? Беті қай жақта, батырым? Жауырыннан не көрсең де жасырмай айт», –дейді ол Киікке. Киік жауырында садақтың оғын салған қоржыннан суырып алып байқап жібереді де: «Батырым, саспа. Жаудың беті қашқан жағында. Өлісін түйеге теңдеп, тірісін соңынан ертіп, Шойын қалмақ кейін қайтып барады», – депті.
Жауырыншы серігінің «көрегендігіне» сенген, бірнеше тәулік ұйықтамаған Жасыбай батыр ендеше жау қашты деп өзі қарауылдайтын мұнара шыңның басында алаңсыз ұйықтай қалады. Өзінің ашқан балына сенген Киік батыр да ұйықтайды. Осы кезде баспалап келіп тау басына жеткен Шойынның садақшы мергендері қасына барып, қылышпен шабуға батылдары бармай, екі бөлінеді де, өзі бас болып Жасыбай мен Киікке садақтың оғын қарша боратады. Екі батыр оққа ұшады.
Жасыбай өзі өлген жерге жерленген. Бұл көктем шағы болса керек. Зираты қазірде бар. Нөкерлері ел намысы үшін өлген батырдың қабірінің маңына бір уыс қайыңның бүршігін сеуіпті. Сол бүршік шоқ қайың болып Жасыбайдың қабірінің үстінде әлі өсіп тұр.
Ал Киік батырдың денесін әлденеше себептермен қалмақтар ұрлап әкеткен деседі. Ол өлген жер содан бастап Киікші деп аталады. Жасыбайдың ұрпақтары қол жинап ұйымдасып, қалмақтарды бұл жаққа қоныстатпай қуып тастайды. Батырдың өзі өлсе де, аты өлмесін деп, бұрынғы қалмақ батыры Шойынның атымен аталатын көлді Жасыбай батырдың атына қояды
2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.);
ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);
Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.);
Азия ойындарының чемпионы - (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.);
Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.);
«А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)
IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша ноукат үлесімен бірінші орында тұр.
2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.
Қазақстан Республикасында өте көп мықты да салмақты спортшылар бар. Олар бүкіл әлем бойынша әйгілі. Солардың ішіндегі ең сүйікті және мақтан тұтатын спортшым, ол – Геннадий Головкин. Ол Қазақстан Республикасының намысын бірталай қорғаған танымал боксшы. Ол көптеген жүлделерге ие. Ол жас болса да, халықаралық турнирлер мен Олимпиада ойындарының жүлдегері. Мен оны бокс спортының орташа салмағының чемпионы және шебері деп білемін. Біздің бар спортшыларымыз дәл Геннадийдей болса екен деп армандаймын.