Мәтінге қатысты ой - тұжырымыңызды жазыңыз алып 1. Астана қаласының символы - « Астана Бәйтерек » . 2. Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты . 3. Осы бәйтеректің шығу тарихы ежелгі аңызға негізделеген . 4. Көк теңіздің жағалауында өмір ағашы бәйтерек өседі екен . 5. Жыл сайын бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп , киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен.6 . Бірақ жыл сайын айдаһар сол жұмыртқаны жеп қояды екен . ... 7. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп , Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады екен.8 . Оған риза болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі . 9. Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған Қазақстан мақсатының көрінісі . ( « Елтану » оқу құралынан ) 25
.
Ауыл туралы шағын шығарма.
«Ауылым – алтын бесігім» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі әркімге өзінің туып – өскен жері қымбат. Менің кіндік қаным тамып, ер жеткен жерім – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы.
«Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,
Қазақтың он ғасырлық өмір салты.
Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,
Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы.» - деп жырға қосқандай, Жаңаарқа өлкесі тұнып тұрған қазақилық пен салт – дәстүрді ұстанатын өлке. Бұл өлкеден елімізге танымал қаншама ақындар мен әншілер шыққан.
Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...
Ауылдағы тіршілік қаладағыдан мүлдем ерекше. Дегенмен, ауылдың ауасы таза, шөбі шүйгін, тамағы табиғи.
Соңғы жылдары ауыл мәселесі республикалық деңгейде қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Осының арқасында ауылымыз одан сайын көркейіп, гүлдене түсетініне сенімдіміз, себебі ауылдың гүлденгені – еліміздің гүлденгені деп ойлаймын.