Мәтінге байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды дәлелдеп эссе жұмысын жүргізіңіз. ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ... Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені, оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың адамзатты сүй дейтін қағидасы бар емес пе. Осы арқылы адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты аңғару қиын емес. Бойында бұрыннан рухы бар ұлт ынтымақ пен достықты қадірлейді. Кеңес үкіметі құндылықтарының бірі ұлтаралық достықты, ынтымақты алғаш орнаған күннен бастап басты ұстаным етті. Соның нәтижесінде КСРО-да ұлттар достығы қалыптасып, интернационалдық тәрбие барынша жолға қойылды. Қазақстандағы халықтар достығының орнығуы Кеңестік саясаттан бастау алып, жалғасқанын ұмытпауымыз керек. «Қазақстан жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз. Достық отаны Қазақстан гүлдене берсін.