В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
velvis2050
velvis2050
29.09.2022 05:48 •  Қазақ тiлi

Мәтінгкюе күрделі жоспар керек ТЕЗЗЗ комектесиндерш ​


Мәтінгкюе күрделі жоспар керек ТЕЗЗЗ комектесиндерш ​

Показать ответ
Ответ:
наргиз68
наргиз68
02.06.2022 03:25

ЕЛТАНБА

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады.

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады.

ТУ

Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi.

Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.

Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Анжела921
Анжела921
14.06.2021 23:18

Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

– деп жырлаған көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф – Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақ балаларын өнер-білімге шақырып, оларға мектеп ашып, сауаттандырған. Биыл, яғни 2016 жылы Ыбырай Алтынсаринге 175 жыл толады. Осыған орай «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейінде «Өнер-білім бар жұрттар…» атты уақытша экспозиция ұйымдастырылып, Ыбырай Алтынсариннің еңбектері мен оның шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері келушілердің назарына ұсынылып отыр. Экспозицияға Ыбырай Алтынсариннің туындылары мен оның қызметін, шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері қойылған. Олардың қатарында келесі шығармалар бар: «Алтынсарин Ы. Кел балалар оқылық. Бастауыш мектептің оқушыларына арналған. – Алматы, 1948.»; «Алтынсарин Ибрагим. Избранные произведения / Алтынсарин,Ибрагим; Сост.и подгот. к печати Б.С.Сулейменов. – Алма-Ата, 1957.»; «Алтынсарин Ибрагим. Собрание сочинений в трех томах. Т.2. – Алма-Ата, 1976.»; «Алтынсарин, Ыбырай. Асан мен Үсен / Алтынсарин Ыбырай; Е. Қарбеков. – Алматы, 1952.»; «Ыбырай Алтынсариннің қолжазбасы.; Дербисалин А. О литературном наследии Ибрая Алтынсарина / А. Дербисалин; Пер.с каз.Е.Лизуновой. – Алма-Ата, 1957.»; «Эфиров, А Ф. Ибрай Алтынсарин : Жизнь и педагогическая деятельность / А. Ф. Эфиров. – Алма-Ата, 1949.»; Ситдыков Амиржан. Педагогические идеи и просветительная деятельность И. Алтынсарина / Ситдыков, Амиржан ; Под ред.: Е. Бекмаханова. – Алма-Ата, 1949.»; «Алтынсарин Ибраһим Балқожаұлы. Шариат ал-ислам: Мұсылманшылықтың тұтқасы / Алтынсарин,Ибраһим Балқожаұлы. – Қазан, 1884.»; Алтынсарин И.Б. Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. – Оренбург, 1879.». Сонымен қатар Алтынсариннің өз отбасымен түскен суретері, оның ашқан мектебінің суреттері экспозияға ерекше көрініс беріп тұр.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота