МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ТЫҢДАЛЫМ Оқылым -тапсырма. Д. Досжанның «Жібек жолы» романынан алынған үзіндіні тыңда, оқы. 3. Мәтіннің мазмұнын баянда. ... Ақиық ұстазы Әбу Насыр Мухаммед ұлы Мұхаммед Тархан Фараби туралы ойлады. Әбу Насырдың «Ізгі қала халқының көзқарастары туралы кітап» деген ғажайып шығармасын еске алды. Ол шығарманы үш рет оқып шыққан. Кітапта ұлы ғұлама қоғам туралы айтқан. Ұстазы қоғамды толық әм толымсыз деп екіге бөледі. Толық коғамның өзі үш түрлі: үлкен, орташа жане кіші. Үлкен қоғам - бүкіл жер жүзіндегі ақылды адамзат та; ал орташа қоғам – белгілі бір ел, мемлекет; кіші қоғамға жеке дара қала халқын жатқызған. Енді осы қалалардың өзін «ізгі» және «надан» деп екіге беледі. «Адамдары бақытты болу үшін біріне-бірі көмектесіп отыру максатымен бірлескен қала ізгі қала болады, халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отыратын коғам да Коғам болады», – дейді. ізгі Надан қалаларды Әбу Насыр бабасы сегіз түрге бөледі. Бұл қалалардың халқы бас пайдасын жұрт мүддесінен жоғары қояды, өзімшіл, менмен, мақтаншақ келеді. Олардың ұғымынша, өмірдің ең асыл лаззаты байлықта, билікте. Мұндай адамдардың арасындағы байланыс та болымсыз, тұрлаусыз нәрсе... Япырмай, ғұлама бабам осы кітабын жазғанда көз алдыңда қандай қаланы елестетті екен? Ауызбірлігі мол, түсінігі терең, бір-біріне қол ұшын беріп отыратын қаласы осы Отырар емес пе? Әбу Насыр ізгі қаланы қатты аңсаған. Оның ойлауынша, ізгі қала тұрғындарының дені бақытты, білімді, өнерлі, зергер, еңбексүйгіш, меймандос, шыншыл болады. Өсек, өтірік, ұрлық, бұзақылық жойылған. Жұрт та бір-біріне үнемі ізгі ниетпен көмектеседі, қайғысына қосыла қабырға қайыстырады, қуанышын қоса көтереді. Ешбір қаламен соғыспайды, бірақ өзгелер шабуыл жасай қалса тойтарар қайраты мол. Ешкімге есесін жібермейді. Ол қаланың әміршісі де ержүрек, білімді, қылышты емес, кітапты сыйлайтын саналы жан болғаны ләзім... Иланшы Кадырхан мен Исмаил Әнет бабаның соңынан жүрді. Бөлмелердің тебесі кілең күмбезденіп қосылған, тас тебеде сәуле түсетін, ауа кіретін дөңгелек ойықтары бар. ... Қос қабырғадағы тас серелер толы кітап. Иланшы Қадырхан тап алдыңда жылтырап кез тартқан үлкен кітапты қолына алды, ашып қарады, ішінің өрнегі таң қалдырады, әр бетті қошқар мүйіз сызықтармен көмкерген, жазудың өзі әрқилы бейнені елестететін нақышпен жазылған. Мұқабасын күміс құймаларымен әшекейлепті, аса салмақты. Әнет баба — Хан ием, отыз үш оқ дана аса бағалы кітап пен қолжазба қоры бар, – деп, кітапханадағы кітап санынан хабардар етті Д Досжаннан
Жоқ, бізге ақпарат жинау туралы айтылмады.
2. Дүкенге қажетті оқулықтар түсіпті, естідің бе?
Онда барып қайтайық.
3. Кітапханадан біздің қала туралы бүгінгі кездесуде оқылатын материал таппадым.
Біздің үйде бар болуы керек, жүр, алып кет.
4. Демалу денсаулыққа пайдалы
Білемін, бірақ демалуға уақыт жоқ.
5. Осыны міндетті түрде анықтау керек.
Жарайды, саспа, анықтаймын.
6. Өзіңнің есте сақтау қабілетің қалай, жақсы ма?
Неге олай сұрадың, менде есте сақтау қабілеті жаман емес.
7. Сен неге қиын материал таңдадың?
Маған осы материал өте ұнады.
8. Тапсырманы қайталауға уақыт болмады
Менде қайталап үлгірмедім.
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл,Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.[1]
Мазмұны [жасыру] 1Өмірбаяны2Шығармашылық жолы2.1Кітаптары2.2Жыр жинақтары3Марапаттары4Дереккөздер5Сыртқы сілтемелерӨмірбаяны1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған.«Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары1968-1973 жылдары «Жазушы» ба азақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі«Балауса» ба редакторыҚазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі.[2]Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.Шығармашылық жолыОның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.
Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.
Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды.
Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), Әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бұрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.
Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.
2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» ба Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты