В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История

Мәтіннің кіріспе бөлімі не туралы? - Данияр, сен Ұлы Жібек жолы туралы білесің бе?
- Мен Ұлы Жібек жолы туралы кеп ақпарат
білемін. Қажет болса, сенімен бөлісе аламын
- Бәрекелді! Маған Ұлы Жібек жолы туралы
реферат жазу тапсырылды. «Ұлы Жібек жолы»
деген атау қалай пайда болған?
- Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы жібек
саудасына байланысты. Ал «ұлы» сезінің оған
қосылуы Шығыс елкелері мен Батыс елкелерін
байланыстыруынан. Сондықтан бұл жол сіль
Жібек жолы» деп аталды.
- Шіркін, тарихқа үңілген сайын қызыға түсетінін
рас. Ұлы Жібек жолының бойында қандай
қалалар болған?​


Мәтіннің кіріспе бөлімі не туралы? - Данияр, сен Ұлы Жібек жолы туралы білесің бе?- Мен Ұлы Жібек жо

Показать ответ
Ответ:
mspak02
mspak02
28.11.2021 17:36

ответ:Қытайда біреудің үйіне қонаққа барғанда тамақты шылпылдатып жеу керек. Әйтпегенде үй иесі сізге тамақ ұнамай қалды деп ойлауы мүмкін. Қытайда тамақты дыбыссыз жеу - үй иесіне, аспазшыға деген балағат деп есептеледі. Ал соус төгілген дастархан – тәбітіңіздің жақсы екенін, тағамға деген жоғары талғамыңызды көрсетеді.

Сонымен қатар Қытайда үйге бірінші рет келгенде гүл алып келуге болмайды. Бұл олардың үйі көрікті емес, әрлеу керек дегенді білдіреді.

Кейбір елдерде бас бармақты жоғары көтеру «Сені күшті алдап соқтым» дегенді білдіреді.

Оңтүстік Кореяның ұлттық асханасы өте ащы тағамдардан тұрады және жергілікті деликатестен ауыз тиемін деп көзіңізден жас шығып кетсе, ұялмаңыз. Керісінше бұл аспазға деген үлкен құрмет болып саналады.

Моңғолия мен Бурятияда қонақты кекіргенше тамақтандырады. Адам әлі кекірмесе ол әлі тойған жоқ дегенді білдіреді.

Жапонияда көпшілік жерде сіңбіре береді.

Үндістанда отбасы мүшелері бір-біріне ризашылық білдірмейді. Туысқан адамдар бір-біріне «рақмет» деуге міндетті емес деп есептеледі.

Қазақстанның Оңтүстігінде шайды кішкентай пиалаға құйып береді. Кесеге толтырып шай құйып беру сыйламағандық деп есептеледі. Кішкентай пиаламен бірнеше рет шай ішіп, қожайынға деген құрметіңізді білдіресіз. Және пиялаңыз босап, шай сұрап та әуре болмайсыз, үй иесі шайыңыз таусылмауды қадағалап отырады.

Қытайда тірі гүлдерді сыйламайды. Бұл өлім белгісі. Көбіне жасанды гүлдер сыйлайды.

Арабтар кальянның мүштігін бір-біріне ұсынбайды. Бұл өзгені міндеттеу деп саналады. Мүштікті үстелге қояды.

Жапонияда бастықтан бұрын жұмыстан кету дұрыс емес.

Ресейде кішкентай балаларды мақтауға болмайды. «Көз тиеді» деген ырым бар. Сонымен қатар көз тигізіп алмас үшін «Қалың қалай?» деген сұраққа «Бәрі жақсы» деуден қашқақтайды екен.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
alenasweets230
alenasweets230
16.04.2020 12:07

Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор.

Арғын тайпасы Қарауыл руының Есенбай тармағынан шыққан.[1] Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.

Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.

Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі — “Балқадиша”. Бұл — өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән.

90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді.

Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, — деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді.

Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота