Мәтіннің тіліне, мақсаты мен мазұнына сараптама жасау жолдары 1. Мәтінді мұқият оқып шығыңыз,
2 Оқу барысында мәтін стиліне (ресми және бейресми) назар аударыңыз,
3 Мәтіннің аудиториясын анықтаңыз, яғни бұл мәтінді кімдер оқитыны туралы
болжаңыз. Әдетте, аудитория жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарай жіктеледі,
4 Осы мәтін арқылы автор оқырманға қандай ой тастағысы келетінін ойлаңыз
Автордың ойы сіз сараптама жасап отырған мәтіннің мақсаты болады,
Мәтін абзацтарын қысқа мазмұндаңыз, мәтінді мазмұндауда бір-біріне қарама-
қайшы пікірлерді атап өтуіңізге болады. Ол кезде төл сөз бен төлеу сөзді
пайдаланғаныңыз дұрыс. Соған байланысты автор көзкарасын да келтіруге болады
6. Әр абзацтың бір-бірімен байланысын анықтаңыз; әр абзац, әдетте, бір-бірімен
логикалық жағынан байланысады немесе жалғаулық Шылаулар арқылы
байланысады,
7 Мәтіннің тіліне сараптама жасауда тақырып бойынша термин сөздер мен кәсіби
сөздерді анықтап, сол арқылы автордың қай стилде жазып отырғанын растай аласыз.
Адамның көңіл күйін білдіретін сөздер, әдетте, көркем әдебиет стиліне тән екендігі
ұмытпаңыз
8 . Әр абзацтың соңғы етістігіне талдау жасаңыз. Олар әртүрлі шақтық формада тұруы
мүмкін. Олардың ол формада тұруына түсініктеме беріңіз.
Байқап қарасақ, бүгінде ғаламтор жастар өмірінің айнымас бір бөлігіне айналғандай. Өйткені, жолда, жұмыста, тіпті ас ішіп отырса да ұялы телефонға немесе агентке телмірген жастарды көретін болдық. Басым көпшілігін сыртқы орта, айналасы, ата-анасы, достары, оқу мәселесі қызықтырмайтыны соншалық, ғаламторға сүйеніп, кітап оқуды, ізденуді қойды десек те болады. Өйткені, ғаламторға кіріп, керекті мағлұматтың атын жазсаңыз болғаны, түрлі рефераттар, зерттеулерді тауып, дайын нәрсені шығарып, мұғалімге өткізе салады. Бұрындары бесік жырын, әжесінің ертегісін тыңдайтын бала қазір компьютердің ойындарын, ғаламтордың мағлұматтарын тыңдайды.
Сонымен қатар, сүйегі енді қатып келе жатқан баланың компьютер алдында ұзақ отырғаннан көзі талып, жотасы сыздап, тәй-тәйлап қадам басқаннан-ақ көзілдіріктің көмегіне жүгініп жатқаны. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәуле көзге кері әсерін тигізіп қана қоймай, баланың ұдайы отырғанынан түрлі ауруларға шалдықтырады. Онымен қоса, компьютерге енгізілген ойындар атыс-шабыс, қан төгу және жауыздыққа бағытталған болып келеді. Осы ойындарды бала ойнағаннан, оның психологиясына жаман әсер беретінін өздеріңіз де білесіздер.