Мəтіннен 1 негізгі, 1 қосымша ақпаратты анықтаңыз. Определи в тексте основную и дополнительную информацию текст : Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен əшекейлеген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын-күмістен əшекей жасау технологиясын керемет меңгерген.
Зергерлік өнер — қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы дала елінің сəн-салтанатын, байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зергерлер көбінесе əйелдердің сəндік бұйымдарын жасайды. Сəндік бұйымдарға білезік, сақина, жүзік, сырға жатады. Былтыр Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Зергерлік өнер» атты көрме өтті.
Көрмеге «Əдемі-ай» өнер мұражайындағы сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылды. «Əдемі-ай» өнер мұражайының 2011 жылы белгілі коллекция жинаушы, өнертанушы Баһаргүл Төлеген ашқан еді. Қазір мұражайда 1000-нан астам экспонат бар.
Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды, жиһаз, ағаштан жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен əшекейлеген. Ою-өрнек — Ұлы дала өркениетінің бір түрі.
Ескерткіштің координаттары: 490 градус 20 сағат солтүстік ендік, 860 градус 22 сағат шығыс бойлық. Обалар Бұқтырма өзенінен 40-45 метр биік жатқан үшінші террассасында шоғырланған.
Сақ және түркі кезеңдерімен мерзімделетін жетпістен астам обалардан құралған қорым 4000х1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Берел қорымындағы обалар мен ғұрыптық ескерткіштер оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан бірнеше тізбекке және жеке топтарға шоғырланған. Әрбір тізбекте бұл өңірді б.з.б. 1 мыңжылдыңтың екінші жартысында мекендеген тайпалық одақтардың өкілдері жерленген болуы мүмкін. Тізбектердегі үлкен, орташа жєне кішігірім обалар сол замандағы әлеуметтік жіктің болғандығының көрінісі болып табылады.
Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғасырларда үйілген (2400-2300 жылдары бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғасырларда (1200-1300 жылдары бұрын).
Алғаш 1865 жылы В.В.Радлов, 1959 жылы С.С.Сорокин зерттеді. 1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З.Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Қорым 3 қорғандар тобынан тұрады. Бірінші топтағылары таудағы кертпеш ортасына орналасқан. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған 6 қорғаннан тұрады. Екінші топ солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп созылған 12 қорғаннан тұрады. Ол кертпештің батыс жағында орналасқан. Үшінші топты 9 қорған құрайды. Ол кертпештің шығысында орналасқан. Осы топтағы ең үлкен қорған ғылымға Үлкен Берел қорғаны деген атпен белгілі. Обалар таудың жақпар тастарымен араласқан өзеннің ұсақ малта тастарынан үйілген. Шұңқырда ағаш қимасы бар, оның сыртында әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдардың қабіріне бірге қосып көметін жылқы қаңқаларының жатуы, қарағайдың жуан діңгегінен қақ жарып қашап жасаған астау – табыт ертедегі Алтай көшпелілерінің ескерткіштеріне тән. Қазба кезінде қорғандардың ішінен 2–3 м тереңдікте ағаштан жасалған қима, оның бет жағынан бірнеше жылқының қаңқасы мен әбзелдерімен тоңда сақталған жылқы мумиясы, сыртына алтын жалатылған ағаш әшекейлер, адамның қаңқасы мен адам мумиясы алынды. Заттай деректер Берел қорымы Пазырық мәдениетінің орта (б.з.б. 5 ғасыр) және соңғы (б.з.б. 5–4 ғасырлар) кезеңінде салынғанын дәлелдейді.
Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды. Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды. Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Берел қорымындағы үлкен обаларда табиғат пен климаттың және обаны үйген материалдар мен ескерткіш құрылысының үйлесімінен пайда болған тоңың нәтижесінде органика, яғни киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған.
Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ерте көшпелілердің ДНҚ-ын анықтауға болатын, сонымен қатар Берел даласының палеоэкологиясы, палеозоологиясы мен антропологиясы бойынша құнды мәліметтер алынды.
Ағымдағы жылдың басында жол жүру ережелері Заңнамасына өзгерістер енгізілген болатын. Осыған сәйкес бұдан былай велосипед жүргізушілеріне жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Салауатты өмір салтын серік етушілер Заңның асығыс қабылданғандығын айтады. Өйткені, велосипед жүргізушілеріне тиісті инфрақұрылым жасалмаған. Ережедегі өзгерістерге сәйкес, велосипед жүргізушілеріне бұдан былай тротурармен жүруге тыйым салынады. Тек қана велосипед жолақшаларын не көлік жолдарын пайдалануға рұқсат беріледі. Алайда, адамдардың көбі заңдағы бұл өзгерістің шынайы өмірден алшақтығын алға тартуда. Өйткені, велосипед жүргізушілеріне арналған жолдар Қазақстанның бар-жоғы екі қаласында ғана бар.Полицейлердің айтуынша, заңнамадағы өзгеріс ең алдымен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Өйткені елімізде велосипедшілердің адамдарды жол бойында қағып кету фактілері тіркелуде. Соның салдарынан қатты жарақат алып, мүгедек болып қалғандар да көп. сыған байланысты оларға велосипед жолағымен жүруге тыйым салынған. Менің ойымша Қазақстанда велосипед транспортын дамыту қажет
Объяснение: