Мәтіннен 3 сан есімді жаз, сан есімнің қандай түріне жататынын анықта. Нұр – Сұлтан. Ару қала. Ай қала. Қарасаң, көз тоймайды. Жылдан-жылға сәнінен сән, сәулетіне сәулет қосып келеді. Нұр – Сұлтан - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Жалпы аумағы – 72,2 шаршы шақырым. Нұр – Сұлтан халқының саны 2008 жылы 584,8 мың адам болған.
Нұр – Сұлтан әскери бекініс ретінде 1830 жылы қаланып, «Қараөткел» деп аталған. 1845 жылдан бастап «Ақмола» деген атауға ие болған. Қазақстан Республикасының Президенті 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласын «Қазақстан Республикасының астанасы» деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың 6 мамырында Елбасының жарлығымен «Ақмола» атауы «Астана» деп өзгертілді. Бұл күнде Нұр-Сұлтанды дүние жүзі біледі. Нұр-Сұлтанда әлемдік деңгейдегі алқалы жиындар өтеді. Нұр – Сұлтан бейбітшіліктің мызғымас ордасына айналды.
соч
Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның осы мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен дараланған.
Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған геройдың характерін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін ашады. “Ұшқан ұя” мен “Москва үшін шайқаста” әңгімеленетін оқиға тізбегінен жазушы жаңа жол тауып, роман-диалогта геройдың психологиялық толғаныстары мен дүние танымына айрықша зер салған.