Мәтіннен 5 етістікті тауып, шартты рай тұлғасында қолданыңыз Ораздың қысқы соғымы қоян ғана . Оның үйі қоянды көбінесе сорпа қып емес , бәліш қылып жейді . ... Ораз әңгімеші адам . Оның айтуынша , әкесі Қаша да аңшы екен . Ес білгелі әкесінің қасына еріп , аңшылықты кәсіп еткен , оның аң аулау туралы небір тамаша әңгімелері болады . Сол әңгімелерді аса шеберлікпен айтып береді . Оның әңгімелері әсіресе балалар үшін қызық . Ғажап ертегі сияқты әңгімелері менің есімде күні бүгінге дейін сақтаулы . Ораз аңнан қайтса - ақ , жұрт оның кеңесін тыңдауға жиналады . Бәйбіше , - дейді қонақтарын жылы шыраймен қарсы алған Ораз амандық - саулықтан кейін , - даярла бәлішіңді ! .. Асқа дейін біз әңгіме соға тұрайық ! .. Әкем төсек тартып , жатып қалды . Үйде ұстар мал да , қаражат та жоқ . Енді қалай күн көру керек ? Мұндай жағдайда « Ораз жәрдемдеспесе , сол жылы біздің үй аштан өлер еді » деп ойлаймын ... Бір күні таңертең Ораз келді де әкемнің көңілін сұрап отырып : Ау , Мұқан !
Шариғатта айтады екен : « Ең ауыр ақы – көрші ақысы » , деп . Маған биыл көрші қондың ғой . Бәрібір « иттің құлы — Итақайға » үлестіріп жатқан дүние , сен оны намыс көрме , мен борыш көрмейін , биыл қыс мылтықтың қарауылына , бүркіттің тұяғына іліккен олжаға екеуіміз ортақ болайық . Осы кеңестен кейін біздің екі үйдің дастарқаны қосылып кетті . Сәбит Мұқанов.
"Тігіншіні инесі асырайды". Иголка кормилица портного.
"МЕЗГІЛ ЖЕТСЕ МУЗ ДА ЕРІР". Придет время и лед растает.
Жақсы сөз, жарым ырыс ---хорошее слово, пол удачи (дела) .
Адам итті жұмсаса, ит итті жұмсайды ---стоит ли довериться кому-то, который перепоручает третьему.
Жынды бас, екі айаққа тыным бермейді ---дурная голова, ногам покоя не даёт.
Жаман иттін атын бөрбасар деп қояды (плохого пса, волкодавом величать, непозаслугам) ---бывает и недостойного великим называют.
Говоря о парне : Жеті қырлы, бір сырлы ---загадочный красавец-удалец.
"Туған жерге туыңды тік" - Водрузи свой флаг на родной земле.
"Жері байдың елі бай" - Кто богат землей, у того богатая страна.
"Ер туған жеріне, ит тойған жеріне" - Джигита тянет туда, где он родился, собаку тянет туда, где она наелась.
"Бейнет қыл да зейнет қыл" - Потрудись, а потом и требуй.
"Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады" - Кто найдет источник труда, тот найдет само богатство.
"Жас келсе іске - кәрі келсе асқа" - Молодому дело - старому угощение.
"Малы бірдің жаны бір" - У кого скот общий, у того и душа едина.
"Мал ашуы - жан ашуы" - Боль за скот - боль души.
"Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - бес саулық" - Первое богатство - здоровье, второе богатство - семья, третье богатство - наличие скота.
"Қонақ келмеген үй - мола" - Дом, в который не приходит гость, подобен могиле.
"Қонаққа кел демек бар да, кет демек жоқ" - Гостю можно говорить "приходи", "уходи" говорить нельзя.
"Таспен ұрғанды аспен ұр" - На удар камня отвечай угощением.