Мәтіннен 7-8 сөз тіркесін теріп жаз. Балғабек Қыдырбекұлы – белгілі жазушы, журналист. 15 сәуіде 1929 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран ауылында дүниеге келген.
ҚазМУ-ді бітірген (1950). Қазіргі “Егемен Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған (1960 — 73). 1983 — 1987 жылдары осы газеттің бас редакторы. Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы болды. Алғашқы фельетондар жинағы “Ешкімге айтпа” деген атпен 1962 жылы жарық көрген. “Шайтанның шатағы” (1966), “Қара сандық” (1969), “Маздаған шырақ” (1971), “Ұрының еншісі” (1972), “Ақпа құлақ” (1978), “Алатау” (1—2 кітап, 1986, 1991), “Ақымақтың миы” (1993), “Түгел сөздің түбі бір” (1993), “Қым-қиғаш жылдар” (1993), “Қайран Ораз” (1999), т.б. кітаптары жарық көрген. Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында халық тарихын, ірі тұлғалар бейнесін сомдаған. Қазыбек бек Тауасарұлының жазбалары деп саналатын қолжазбаны (“Түп тұқияннан өзіме дейін”) тауып, кітап етіп шығарды. Қаз КСР Жоғ. Кеңесінің екі мәрте (1983, 1990)
сөз тіркесі не екенін гугылдан ізде Сосын оңай табасың 7-8 сөз тіркестерді
1)дүниеге келген
2)шайтанның шатағы
3)ақпа құлақ
4)екі мәрте
5)қара сандық
6)егемен қазақстан
7)фельетондар жинағы