Ашық энциклопедиясынан алынған мәліметБізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.«Су ішкен құдығыңа түкірме»«Бұлақ көрсең, көзін аш»деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады
Таулы аймақтағы қорықтардың табиғаты өте көркем.Қорықтағы жан-жануарлармен табиғат әр түрлі:Жабайы алма ағаштар.шабдалы.долана.Тянь-шань шыршалары мен аралас.Мұнда өте көп мұздықтар қар жамылғылары дөрекі жыныстар бар.Мында 39 түрлі ұсақ жеммен қоректенетін жануарлар бар.Солардың ішінде сібір ешкісі,арқар,елік,марал бар.Ал жыртқыш аңдардан кәдімгі тянь-шань қара аюы,қасқыр,түлкі,сусары кейде қар барысын кездестіруге болады.Мұндағы 117 құс түрінен ең тән бүркіттер тау түйе тауығы-ұлар қарғалар үкі,бұлдырық,бөдене,кекілік тағы басқалары Іле өзенінің тоғайында қарақұйрықтармен қырғауылдар және әр түрле кесірткелер бар.