Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
Аз (антоним)-
Атақты (синоним) -
Шоқанның шын аты — Мұхаммедханафия. Шоқан Абылай ханның шөбересі екенін оқушылардың естеріне саламын. Шоқанның туып-өскен жері Құсмұрын және Сырымбет. Шоқанның жастайынан ғылым мен білімге құмартуына әкесі Шыңғыс сұлтан мен әжесі Айғанымның әсері мол болған.
Шоқан он екі жасында 1847 жылы Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Бұл оқу орын патша өкіметіне қызмет ететін әскери саладағы офицерлерді дайындайтын. 1853 жылы Шоқан аталған оқу орнын корнет деген офицерлік шенмен бітіріп, әскери қызметке орналасады. Осыдан Шоқанның ғылыммен айналысуына жол ашылады. Ол көптеген ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысады. Қашқарияға жасаған сапары оның атын әлемге әйгілі етеді. Шоқан Ф.М.Достоевский, Г.Н.Потанин сияқты ғылым мен әдебиеттің белгілі өкілдерімен достасады.
Объяснение:
-Сəлем,досым!Қалың қалай?
-Сəлем,жақсы!Өзің қалайсың?
-Жақсы.Досым менде мынандай сауал пайда болды.Қала мен ауыл өмірінің ерекшелігі қандай?
-Хммм,досым өте өзекті сұрақты қойдың.Меніңше қала мен ауылды салыстыруға мүлдем келмейді.Себебі,ауылға жетер мекен жоқ.,,Адам ауылдан көшседе,адамнан ауыл көшпейді"Мұндағы басты ерекшелік ауыл мен қала адамдарының түрлі болуы деп ойлаймын.
-Досым,саған көп рақмет!Бұл сұрақты қою себебім ата-анам ауылдан қалаға көшпекші.Мен ауылдан кеткенді қаламаймын.Саған көп рақмет!
«Сіз үшін отбасының маңызы қандай?» диалог.
Мейрамбек: Әпке, осы «Отан отбасынан басталады» деп жатады үлкен кісілер, осы сөздердің мағынасы қандай?
Алтыншаш: Жаным, шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады.
Мейрамбек: Сонда, біздің отбасымыз да Отанның бір бөлшегі сияқты ма?
Алтыншаш: Дұрыс айтасың, әрбір отбасы қоғамның бір мүшесі ретіндей. Отбасының адам өмірінде алар орны мен маңызы ерекше.
Мейрамбек: Ал отбасының қандай маңызы бар?
Алтыншаш: туған үйдің жылуы адам көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Мейрамбек: Мен сіздің арқаңызда бұл терең ұғымның мағынасын енді ғана түсінген сияқтымын. Рахмет сізге!
Алтыншаш: Оқасы жоқ, алтыным!