Мәтіннен дара және күрделі етістіктерді теріп жаз.
Жыл сайын мамыр айында Жомарттың әкесі үйінің жанында бір түп жас қарағай көшетін отырғызады. Қазір олардың үйінің алдында жап-жасыл алты түп қарағай иық тіресе өсіп тұр. Жомарт дүниеге келгелі бері әкесі баласының туған күніне арнап, белгі ретінде бір түп қарағай отырғызуды әдетке айналдырған.
Енді, міне, жетінші қарағай да осы мекеннің сәні болып жайқалып келе жатыр.
Сыншыл реализм – әдебиеттегі көркемдік әдіс.Өмірді сан қырынан зерттеп, қоғамның адамзаттық нормаларға қайшы келетін кемшіліктерін сынға алады. Типтік жағдайда типтік образдар жасау арқылы өмірді неғұрлым шынайы суреттеуге ұмтылып, адамдар тағдырын, олардың мінез-бітімін, қоғамдағы қайшылықтарды сынайды. Адам мен қоғам арақатынасын, адамзаттың қоғамдағы жасампаздық, белсенділік қызметін, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершілік қалыптарын сақтай отырып, бақытты өмір сүру жолындағы ұмтылысын, күресін бейнелейді. Қоғамдық дамудың дұрыс жолды таңдауында сынның рөлі қаншалықты болса, Сыншыл реализм де өнер құдіретімен өмірдің көлеңкелі тұстарын шынайы бейнелеуге ұмтылып, оны жою мен әділетті қоғам орнатуға үндейді. Қоғамда белең алған кемшіліктер мен әділетсіздікті сынап, оны болдырмауға шақыру Сыншыл реализмнің басты сипаты саналады.
Қазақ әдебиетінде Өңдеу
Қазақ әдебиетінде жыраулар поэзиясында қоғамға деген сыни көзқарас, халықтың арман-мұратын ел билеушілерден қаймықпастан жыр өрнектерімен жеткізу негізгі сарынды құрады. Бұқараның мұңын жоқтап, билеуші топтың елге жасаған әділетсіздігін әшкерелей жырлау қазақ әдебиеті дамуының басты бағытына айналды. Сыншыл реализм әдісі жыраулар поэзиясы мен әлем классиктері дәстүрлерін үлгі-өнеге тұтқан Абай шығармаларында берік орын алды. 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде өмір құбылыстарын көркем бейнелеудің бір тәсілі ретінде сыншыл сарын А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров] тағы басқа шығармаларында өрісті арна болды.