Мәтіннен есімдіктерді таңдаңыз. Из текста выделите местоимения.
Образец: Мынау – Астана қаласы.
1. Ұшақ Астана қаласының осы әуежайына қонады. 2. Сіздер ұшақ толық тоқтағанша белдіктеріңізді шешпеңіздер. 3. Бұл қала – Қазақстанның астанасы. 4. Біздің экипаж барлығыңызға ұнады деп ойлаймыз. 5. Өз орындарыңызда ешкімнің ешнәрсесі қалып қоймасын. 6. Өзіңізге қажетті нәрселерді мына әуежайдың қызмет көрсететін жерінен ала аласыз. 7. Кімде-кім өзін нашар сезінсе, әуежайдың медбекетіндегі дәрігерге көрінсе болады. 8. Сіздерге қалалық такси қызмет көрсетуге әрқашан дайын. 9. Өзіңіз қайда бару керектігін айтсаңыз, сол жерге дейін апарады. 10. Бәріңізге сәтті сапар тілейміз.
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2. Абай неше ағайынды болған? (Жеті 7)
3.«Абай – қазақтың бас ақыны» дегенді кім айтқан? (Ахмет Байтұрсынов).
4.Абайдың қара сөздерінің саны қанша? (Қырық бес 45)
5. Абайдың немере інісі кім? (Шәкәрім)
6. Абай қай жылы дүниеден өтті? (1904 бір мың тоғыз жүз төрт)
7. Абайдан неше поэма қалған? (3 үш)
8. Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй! – деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған? (Құлақтан кіріп бойды алар)
9.Ақын М.Ю. Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (27 жиырма жеті)
10.Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ақын қандай мәселе көтереді? (Достық мәселесі)