Мәтіннен есімдіктерді тауып, қай мағыналық топқа жататынын көрсетіңіз. Өте ертеде бір дана қария дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып: – Балам, менің дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқсатып қолдан, – депті ... Күндердің күнінде бала әке қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан ақыл сұрайды. – Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ, – деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін айтыпты. («Ел аузынан»).
Білімдінің күні жарық.
Білім - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі дамыған заманда жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.
«Білген адам білімді өмір бойы іздейді», - деп Ахмет Йүгінеки айтқандай, өмір бойы білім алып, білімді болу - қоғамда өз орнын табудың кепілі.
Соңғы жылдары өмір бойы білім алу концепциясы аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр, себебі оқу үшін ешқашан кеш емес, тек талпыныс болса болғаны. Қазір адамды киген киімі бойынша емес, басындағы білімі арқылы бағалайды. Білімді адам ешқашан жұмыссыз қалмайтыны анық.
Абай, Ыбырай аталарымыз да жас ұрпақты білім алуға шықырып, білімді болуды насихаттаған болатын. Міне, осы аталарымыздың жолын жалғап, білім алудан жалықпайық, достарым!