Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Халқымызда "Жер-Ана" деген ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын күндей қастерлеу біздің борышымыз. " Жер шоқтығы - Көкшетау, Жер жаннаты - Жетісу" деп ата-бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын осылай білдірген. Сондықтан орман тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдің ластануына ерекше мән берген. Қоршаған ортада көптеген өзгерістер болып тұрады. Мысалы: найзағай жарқылдауы, гүлдердің өсуі, жаңбырдың жаууы, жел соғу бұның бәрі табиғат өзгерістеріне жатады. Табиғат пен адам қатар ұғым, табиғатсыз адам адамсыз табиғат өмір сүру мүмкін емес. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. себебі адам өз керектісін табиғаттан алады. Табиғатты қорғау, сақтау біздің міндетіміз. Бүгінгі күндегі ең үлкен мәселе- ол экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, көптеген жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті қоршаған ортаның көң-қоқысқа айналуы- осының бәрі экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді болғандықтан, айтылған мәселелерді шешіп, табиғатқа қамқорлық жасауы тиіс. Табиғатты құртатын да, қайта жандандыратын да ада. Қоршаған ортаның, табиғаттың таза болуы-адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл - күйі мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен байланысты. " Таза болса табиғат аман болар адамзат" деген мақал дұрыс айтылған. Сондықтанда табиғатты қорғайық, ластануына жол бермейік!
Қытайдың атақты философы Конфуций айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды». Сондықтан бұл мақалада мемлекеттік тілді құқықтық реттеуге қатысты ұсыныстарымды беруді жөн көрдім.
1995 ж. 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Ал, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997ж 11 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы тілдердің Республикада қызмет етуінің құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды зерделеу мен дамытуға жағдай туғызудағы міндеттерін белгіледі, Республикада барлық тілдердің бірдей құрметпен қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталды.