Мәтіннен көптік мағынаны білдіріп тұрған сөздерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Көптік жалғаулы сөздермен үш сөйлем құраңыз.
Қоғамдағы алатын орнына байланысты адамдар тобы таптарға
(кластарға) бөлінеді. Оны мынадай пирамидадан көруге болады:
пирамиданың төменгі жағындағы ең үлкен тап - жалдамалы жұмые
шылар, яғни жұмысшылар мен қызмет көрсетушілер. Олардың жеке
зауыт-фабрикалары немесе жерлері жоқ, кірісі кәсіпкерден немесе
мемлекеттен алатын жалақысы. Орта бөлігін ұсақ меншік иелері алады .
(кооператорлар, өзіне жұмыс істейтіндер). Пирамиданың жоғарғы
жағында кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) орналасқан. Олар кiрie
әкелетін өндірісі, қаржысы барлар. Пайда табу үшін төмендегі тап
мүшелерін жалға алады.
Шығарма
Халық ауыз әдебиеті.
Халық ауыз әдебиеті – халқымыздың талай ғасырлық жемісі.Оны бізге халық жыраулары,жыршылары,ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп,бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.Әсіресе,халық ауыз әдебиеті,аты айтып тұрғандай,ауыздан-ауызға тарағаны белгілі.Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады."Біз ескі әдетімізді сүйеміз,сүюіміз дәлелсіз емес.Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес.Себебі,әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр" деп қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов бекер айтпаған деп білемін.Себебі,расында,біздің әдеби қорымызда көптеген баға жетпес туындылар бар.
Тұрмыс-салт жырларынан бастап,эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық бейнесін көрсетеді.Тұрмыс-салт жырларының өзі бірнеше түрге бөлінеді.Мақал-мәтелдер,жұмбақтар мен жаңылтпаштар,лиро-эпостық жырлар,айтыстар,тарихы жырлар мен шешендік сөздер сол заманның бейнесін біздің көз алдымызға әкеледі.Халық ауыз әдебиетінде бәрі-бәрі баян етілген.Халықтың тұрмыс-тіршілігі,арманы,қиялы,мақсаты,көрегенділігі бәрі де ұштасқан."Алпамыс батыр",'Қобыланды батыр" жырларынан бабаларымыздың ерлігін,батырлығын,"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу","Қыз Жібек" лиро-эпостық жырларынан махаббатты,қайсарлықты көреміз.Жаңа өмірге келген сәбиден еңкейген қартқа дейін өткізілетін түрлі салт-дәстүрлерді біз тұрмыс-салт жырларынан көреміз.Ал ертегілер сені өзге әлемге сапар шектіреді.Мақал-мателдер,жұмбақтар мен дана би-шешендерімізден қалған шешендік сөздерде таусылмас ақыл дариясы жатыр.Мысалы,би-шешендерімізден қалған сөздерді халқымыз ауыздан-ауызға жеткізіп,тәрбие құралына айналдырған.Оған дәлел,Қазыбек бидің:
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат,
Асқар таудай әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Туып-өскен елің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,-деген сөзінде үлкен тәрбие жатыр.Отанды,отбасыңды,елің мен ар-ұятыңды қастерлей біл дегісі келген.
Ия,бұның бәрі бір қазақ халық ауыз әдебиетінде жатыр.Халық ауыз әдебиеті - ол шығармалар жиынтығы ғана емес,кешегіге апаратын көпір,бізді тарихымызбен байланыстырушы."Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды" деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,төл әдебиетімізді төрде ұстап,мәңгі қастерлейік!
Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. Өздеріңізге белгілі, 90-жылдардың ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Көп ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірдің қайнаған ортасына айналды. Қазіргі кезде елорда халқының саны жарты милионнан асты. 1-ші маусымның мәліметтері бойынша халық саны 538 мың 300 адамды құраған. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының зерттеу тобының есептері бойынша 2030 жылға қарай Астанада 1 млн. 200 мың адам тұратын болады.